Сен тұр - мен айтайын!

Барды да тағы да Ресейдің қорасына кірді

  • Барды да тағы да Ресейдің қорасына кірді

    Барды да тағы да Ресейдің қорасына кірді

Біз үшін ең қызық жаңалық - бірінші қаңтардан бастап Ресейдің Беларуське мұнай құбырын жауып тастағаны болды. Әй-шәй жоқ, келді де задвижканы жапты!

Әрине, мұның алдында өзара сөз таластырулар болды. Тіпті Лукашенко бір сөзінде "Дружба" мұнай құбырын "Служба" деп өзгертейік деді.

Мұның бәрі - Беларусьті біртіндеп жаулап алу саясатынан басқа ештеңе де емес. Путин тездетіп екі елді қосып, өзі ортақ мемлекеттің президенті болғысы келеді. Оның соған асыққандығы сондай, бұрынғыдай емеурін арқылы емес, тура тартты. Мақсаты - Лукашенконың қолын бұрап, қажетті құжаттарға қол қойдыру.

Мұнда тұрған еш жаңалық жоқ: мұнай-газбен шантаж жасау - әуелден ресейдің белгілі саясаты. Оған сәл ғана өзіңнің әлсіздігіңді сездірсең көретін күнің осы.

Кезінде Порошенко оған илікпеді, үш жыл бойы тіпті газ алмай қойды, сөйтіп бірте-бірте орыс газына тәуелділіктен құтылды.

Енді Зеленский не істеді дейсіз ғой? Барды да тағы да Ресейдің қорасына кірді. Өкінішке орай Украина қайтадан газ қамытын мойнына киді. Бұған дейінгі жасалған істердің барлығы да босқа кетті.

Ал біздерден мұнай мен газды қандай бағаға алып отырғандарын айтпай-ақ қойса да болады - ойларына келгенін жасап-ақ жатыр. Оған қарсы сөйлеуге басшылықтың тырп етерге шамасы жоқ екені құпия емес. 

Фейбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5413    Пікірлер: 0

сенбі, 04.01.2020, 13:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29