Барлығы ажырасса да, өзі ажыраспайтындай көрінеді

27 мамыр 2021, 22:18

Осы Неке Келісім Шарты деген керек сияқты. Әрине ешкім ажырасамын деп үйленбейді, бірақ Қазақстанда 100 некенің 51, алғашқы 1 жылда ажырасады екен.
Себеп көп: Жетіспеушілік, Мінез сыйыспаушылығы, ата-аналар мен туысқандардың араласуы т.б.
Көп адам мимен емес, жүрекпен үйленеді. Некеге тұратын адамды зерттемей үйленеді, жүрген бір басқа, бірге тұрған бір басқа екенін ойламайды. Эмоция алдында, суық сана артында жүреді. Психологиялық тест, Отбасы орталығы дегенге бармайды. Барғысы да келмейді. Барлығы ажырасса да, өзі ажыраспайтындай көрінеді. Содан кейін опық жейді.
Сондықтан психологиялық соққы алсаң да, қаржылай соққы алмау үшін Неке Келісім Шарты керек деп есептеймін. Қазақилық пен Мұсылмандыққа жат құбылыс болса да ...