Сен тұр - мен айтайын!

Барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен осындай жұмыстар жиі жүргізілсе екен...

  • Барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен осындай жұмыстар жиі жүргізілсе екен...

    Барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен осындай жұмыстар жиі жүргізілсе екен...

Қазақша сөйлемегені үшін "хай-бай" шығарып біреудің жағасына жармаспасам да басымды сұққан жерден қазақша қызмет алуға тырысып жүретін әдетім бар.
«Маған қазақ тілінде қызмет көрсетіңіз» деген талабыңды қабақты тарс түйіп алып айбат шекпей-ақ, табалдырықтан күлімсірей кіріп қазақша амандасу арқылы да білдіруге әбден болады. 
Кейбір мекемелерде өз қандасың болса да сенің қазақшаңа пысқырып та қарамайтын мамандар болады. Ондай кезде орысша түсінетін, алайда мүлдем сөйлей алмайтын адамның кейпіне еніп, өзімше қулыққа басып: «Қытайдан келгеніме 6 жыл болды, осы орысшаларыңды әлі үйрене алмай жүрмін» деп өтірік «тупить етіп» қаласың.
Бар ниетім әлгі қазақты бір ауыз болса да қазақша сөйлеуге үйрету. Кейбірі өзінің қылығына ұялып ары қарай бірден мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге көшеді. Ал енді бірімен ол орысша, ал мен қазақша сөйлеп әупірімдеп түсінісуге тура келеді. Тіпті кейде орыстармен де дәл осылай «шалаорысша» түсінісіп кете баратын кездерім болады. Негізі орыстардың көпшілігі қазақша әдеби сөздерді түсінбесе де өз саласына қатысты қазақша жеңіл сөйлемдерді ұғатынына сан рет куә болдым. Қанша дегенмен мектеп қабырғасында олар да 11 жыл бойы қазақ тілін оқиды ғой.
Бүгін Өскемен қаласындағы облыстық диагностикалық орталыққа бардым. Әдеттегідей «шекеңе тапанша төсейтін» температура өлшегіш қыз қарсы алды. Көзілдірік пен бетперденің арғы жағынан қай ұлт екенін ажырату қиын.
-Сәлеметсіз бе? Тіркеу орны қай жерде екен?
-Сәлеметсіз бе? Сізге регистратура ғой. Міне бірінші қабатта тұр..
«Тіркеу орны» деген жазуы бар терезенің арғы жағындағы қазақ әйелмен де де қазақша түсіністім. Жалпы бұл ауруханаға емделушілер шалғай аудандардан өте көп келеді. Сондықтан да қызметкерлер екі тілде де еркін қызмет көрсетуге бейімделіп алған сыңайлы.
Қызық аурухананың анализ тапсыратын жағына барғанда басталды. Бейджигінде «Надежда Григорьевна» деген жазуды көріп тұрсам да сол баяғы әдетімше қазақша амандасып, ал жөнімді ары қарай орысша түсіндірдім. Ол бетіме бір қарап алды да, қолыма бланканы ұстатты да кете барды. Қолымдағы бланк қазақ тілінде басылып шыққан екен. «Қалай толтыруға болады, көріп алайыншы» деген сылтаумен дәліздегі үстелдің жағасындағы үш қазақ пен екі орыстың бланктеріне де көз жүгіртіп шықтым. Сонда байқағаным әлгі Надежда тәтеміз қазақтардың қолына қазақша бланк, ал орыстың қолына баспадан орысша басылып шыққан бланкті өзі біліп ұстатады екен. Негізі қай тілде басылып шыққан бланкті толтырсаң да бәрібір. Оған аты-жөнің мен ИИН нөміріңді т.б ұсақ-түйек мәлімет қана жазасың, ал басқа мәліметтердің барлығы өзі жазылып тұр. Сонда да банкоматтың түймешесінде қазақ тілін таңдауға ерінетін қазақтарға мемлекеттік тілде басылып шыққан бланк таратып тұрған Надежда Григорьевнаға шынымен риза болдым. Және ары қарай да осылай қызмет көрсете берсін деген ниетпен ризашылығымды өзіне айтып та салдым. Ол кісінің айтуынша бұлай істеуі басшылықтың былтырдан бергі талабы екен. ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге мақсатында әзірленген брошюра түріндегі нұсқаулықты да шкафтың бір шетіне скотчпен әдемілеп жабыстырып қойыпты. Тіл басқармасы тарапынан бұл мекеме басшылығымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілгендігі осыдан да байқалып тұр. Нәтижесі жоқ емес.
Жалпы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру үшін халыққа қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен осындай жұмыстар жиі жүргізілсе екен деген тілегім бар.

Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2285    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 10:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30