Сен тұр - мен айтайын!

Бәрінен бұрын екі жастың басын қосуға жанын салған жігіттің достарын айтсаңшы?!

  • Бәрінен бұрын екі жастың басын қосуға жанын салған жігіттің достарын айтсаңшы?!

    Бәрінен бұрын екі жастың басын қосуға жанын салған жігіттің достарын айтсаңшы?!

Естігеніме ерекше сүйсіндім! Анасы мүгедек, қарындасы үшеуі тұратын жігіт, сүйетін қызына қалыңмал беруге шамасы келмей қиналады. Қалыңмал деп те айтуға болмас, қарапайым жол-жобасына мұршасы болмай жүргенде, достары ақылдаса келе орталап қаржы жинайды. Жастар қосылады. Күндіз үйінің есігі алдында шағын адамға беташар жасап, кешке сол дастарқанды жаңалап жіберіп құдаларды шақырып алады. Қыз жағы түсіністікпен қарап, бергенін алып, риза боп тарасыпты. Күйеу жақтың үлкен тойға шамамыз жоқ дегеніне түсіністікпен қарап, қызымызға деп жиған-тергеніміз деп төсек-орнын ала кепті. Қандай керемет ә?! Текке шашылғанша осылай, екі жақ жастардың басын қосумен шектелген жөн ғой? Бәрінен бұрын екі жастың басын қосуға жанын салған жігіттің достарын айтсаңшы?! Міне, достық деп осыны айт?!

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 09:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31