Жасы ұлғайған шағында адам бір-ақ нәрседен қорқады. Ол – өлім. Міне осы қорқыныш оны пенделік дәрежеге итермелеп, ақыр соңында жеңіп тынады. Үлкендердің қорғаншақ, жасқаншақ келетіні содан. Олар енді әділдіктен гөрі жалпақшешейлікке, ақтықтан гөрі «ахау-айдайға» үйірсек, Өйткені, «ажал қармағанда артымда жаман айтар қалмасын» деген үрейге бағынышты.
Ал, қылшылдап тұрған жастарға не жетпейді? Төбешікті – тау деп, сортаңды – көл деп көлгірсігеннен табатындары не?
Бәсе, шындық қайда десем, кебін ішінде кетеді екен-ау. Өлгеннің соңынан ғайбат сөйлеме дейтініміз сондықтан шығар...
Төкен Әлжантегі
Фейсбуктегі парақшасынан