Басқа бір де бір әнші бой көрсетпеген

26 қаңтар 2022, 23:16

Осы кісі ұнайды. Қазақтың өзіндей қарапайым, момын адам секілді. Өзге әншілердей қиянат мінезін көріп, қияс сөзін естіген емеспін. 

 

Тасмағамбетов Алматыға әкім боп тұрған жылдары орынбасары Ғалым Боқашты шақырады:

 

- Ғалым, алда тілдер күні ғой. Әншілердің басын қосып, қазақ тілінің құрметіне бір концерт ұйымдастырып жібермедіңдер ме? Әншілер қанша сұрайды, сөйлес те сметаны жасап, маған әкел.

 

- Имеке, ұсынысыңыз орынды. Менің алып-қосарым бар. Әншілеріміздің барлығы танылса қазақ тілінде ән айтып танылып жүр. Ендеше оған несіне смета жазып, әуре боламыз? Туған тілдің мерекесінде ән айтқаны үшін ақша сұрамайтын шығар?

 

- Әй, Ғалым, мынауың шынымен идея екен. Давай, сөйтіңдер. Бірақ гонорарсыз тегін концерт, ақша төленбейді деп басын ашып айтыңдар. Сосын бәрін бір жерге жинап, алдын ала сценарийлеріңді құрып, дайындықты бастай беріңдер.

 

- Жақсы, Имеке.

 

Әкімнің кабинетінен шыққан бойда Ғалым Боқаш қазақ эстрадасының жұлдызы дейтін статусқа сай барлық әншілерге хабарласып, алдағы концерттің мән-жайын түсіндіріп, ертең әкімдікте кездесуге шақырады. Белгіленген уақытта залға “Қазақ тіліне арналған концерттің дайындығы осында өте ме” деп Құдайберген Бекіш келген көрінеді. Одан басқа бір де бір әнші бой көрсетпеген.

 

 

 

 

 

Бахтияр Хамит

Фейсбуктегі парақшасынан