Басқа елге бергенше неге өзіміздің балаға зар отбасына бермейді...

04 қараша 2019, 15:43

Шетелге кеткен балалардың ана жылуын көріп,қағанағы қарық болып жатқандары шамалы екен. Біз анда-санда оқып, телеарналардан көріп қалғандары болмаса. Асыранды баланы зорлағандары да біраз желіні дүрліктірді. Басқа елге бергенше неге өзіміздің балаға зар отбасына бермейді... Европа деп аузымызды ашып ,көзімізді жұмып отырамыз..Ол жақта бала мейірімге қанып,адамның жылуына оранатынына кім кепіл бола алады? Менің бір емес екі кластасым бар,бала асырайын десе бермейді. Неге екенін сұрасам үйің жоқ депті. Үйі жоқ болсада ол отбасы өте жақсы,ұйып отыр. Пəтер жалдайды, тамағы.тоқ, көйлегі көк адамдар. Пəтерің жоқ, жұмыс, ден- саулық, деген секілді. сылтауларды айтып, бермейді. Бізде осындай кедергілер көп. Ең бастысы ата-ана болғысы келетін есі дұрыс адамға баланы асырауға беру керек. Ол бала үйге жылу əкелсе, ата -ана атанған адамдар да алға ұмтылар. Ең бастысы бала ана құшағында,əкенің ыстық алақанын сезіп өсу керек.

Эльмира Қалыбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан