Сен тұр - мен айтайын!

Басқаның көңілінен шығу үшін өзгеруге тырыспа. Өзіңді бақытсыз сезінесің...

  • Басқаның көңілінен шығу үшін өзгеруге тырыспа.  Өзіңді бақытсыз сезінесің...

    Басқаның көңілінен шығу үшін өзгеруге тырыспа. Өзіңді бақытсыз сезінесің...

Сендік адам

Шын мәнінде жақсы, я жаман адамдар болмайды. Тек сендік және бөтен жандар бар. Сендік адамды бір көргеннен, бір рет тілдескеннен, қысыла жымиғанынан-ақ жүрегіңмен сезесің. Бөтен адам жалған нота құсап құлаққа түрпідей тиеді. Жаныңа жат боп тұрады. Сендік адаммен алғашқы ниеттен-ақ бәрі оңай, жеңіл. Ол сенің әлеміңе бүтіндей еніп, тұрақтап қалады. Екеуің бір қалжыңға күліп, бірің айтқан ойды екіншің жалғап кетіп, көбіне көзбен түсінісіп, неге үндемей қалғандарыңды да сезіп отырасыңдар.
Бөтен жан қандай керемет болса да, мінезі тамаша десең де жат боп қала береді. Бәрібір бір-біріңді түсіне алмай, жай таныстан артық жақындаса алмай тынасың. Өйткені, ішіңде бір дауыс "ол сенікі емес" деп шыңғырады. Жүрекпен таласқа түсе алмайсың. Жай ғана ығысып, шетке шық. Сендік адамды ізде. Сендік адамдар - сенің әлемің, сенің толқының, сенің жұмағың. Сендік адаммен дауыл соғып тұрса да жаурамайсың. Олар сенің айнаң. Басқаның көңілінен шығу үшін өзгеруге тырыспа. Бәрібір оларға жақпайсың. Өзіңді бақытсыз сезінесің. Сендік адам жаныңнан көрмей өтіп кетеді. Сенің бетпердеңнен "етене жақынын" сезбей қалады. Есіңде болсын: сендік жанды жоғалтпа! Бір күні сенің өміріңе енген сол жан мәңгілікке қап кетеді. Басыңа не күн туса да қасыңнан табылады. Ал бөтендер... Керегі не бөтен адамның?

© Алина Ермолаева, 2017

Аударған Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 14:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31