Сен тұр - мен айтайын!

Баспана мәселесін 30 жылда шеше алмаған ел екенін ескерсек, жағдай қатты алаңдатарлық деңгейде

  • Баспана мәселесін 30 жылда шеше алмаған ел екенін ескерсек, жағдай қатты алаңдатарлық деңгейде

    Баспана мәселесін 30 жылда шеше алмаған ел екенін ескерсек, жағдай қатты алаңдатарлық деңгейде

Елімізде соңғы күндері қымбатшылық жайлы көп айтылуда. Қазақстанда баға тұрақтылығы деген ешқашан болған емес қой, тұрақтылық тек халықтың айлығында ғана.
Құрылыс материалдары еселеп қымбаттапты. Демек үй салу да, алу да қымбаттай түспек. Ал Қазақстан 18 млн халқының баспана мәселесін 30 жылда шеше алмаған ел екенін ескерсек, жағдай қатты алаңдатарлық деңгейде.
Азық-түлік бағасы да аспандап барады. Мысалы бүгінгі ақпаратты келтірейін. Соңғы бір жылда сұйық май - 33,7%, қант - 32,8%, дәнді дақылдар - 28,7%, картоп - 16,8%, жемістер - 14,9%, макарон өнімдері - 14,7%, жұмыртқа – 10% өскен. Бұл қымбатшылық деп аталады. Инфляция кетіп барады, ал жалақы тасбақа жылдамдығымен өсуде.
Бензин бағасы да өсіп кетті. Кей жерде тіпті 200-ден асты-ау деймін. Бензин қымбаттаса, барлығы да қымбаттайды. Өйткені логистикаға тікелей әсер етеді.
Осының бәрін көріп отырып, Үкімет 50 млрд теңгені бағаны тұрақтандыру үшін бөлмек. Бірақ бұл уақытша шара ғой. Өндіруші емес сатып алушымыз, тиімсіз одақтарға кірген мемлекетпіз және экономикасын әртараптандырмай, бір ресурсқа байлаған елміз. Енді соның ащы сабақтарын алып жатырмыз.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1537    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 10:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30