Сен тұр - мен айтайын!

Бастық Құдай ма?

  • Бастық Құдай ма?

    Бастық Құдай ма?

Бастық Құдай ма?

 

Неге бізде бастықтың атын естісе қатқан қазықтай қағылып, бастық келе жатыр десе қоғадай жапырылады?

 

Түсінбей-ақ қойдым осыны.

 

Өткенде бір съемкаға бардым. Жиынға министр қатысады. Ал, ана ұйымдастырушылар деген иненің ұшымен жүр. Әр есіктің алдында кәстөм-шалбар киген 4-5 жігіт. Бірі телефонда, бірінің қолында қағаз... былай жүріңдер, шуламаңдар, киімді мында қоймаңдар ощм, отырсақ опақ, тұрсақ сопақ қылды. Журналистер үшін бұл &ndash қалыпты жағдай екенін білмесе керек...

 

Министр келіп еді, топырлап жүгірді бәрі. Құрақ ұшып, аяғын жерге тигізбей қызмет қылып жүр... Шыны керек, сырттан қарап тұрған мен қысылдым... Өте ерсі. Министр шығар бірақ, ол да Сіз бен біз сияқты адам ғой. Тек, оған жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауырлау бізге қарағанда. Болды.

 

Қысылып-қымтырылған министрді де, көрмедім. Маңғазданып келді. Амандасқан елге ернінің  ұшын ғана жыбырлатты. Өйткені, ол да  мұндай қарсы алуға үйреніп алған. Үйреттік біз.

 

Сыйлау, құрметтеу дұрыс қой. Бірақ, біз сол адамның өзін, істеген ісіне табынбаймыз, «бастық» деген статусына бас ұрамыз ғой... Неге? Қорқақтық па, жағымпаздық па түсіне алмай-ақ қойдым....

 

Білмеймін, алда-жалда мен де үлкен бастық болсам дәл осы жәйтті болдыртпас едім! Оған сенімдімін!

 

ПыСы: Жағымпаздықты, екіжүзділікті суқаным сүймейді

 

 

 

Армангүл Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2477    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31