Сен тұр - мен айтайын!

Басын қоқысқа толтырып алған адам жылдан жылға артқа кетеді

  • Басын қоқысқа толтырып алған адам жылдан жылға артқа кетеді

    Басын қоқысқа толтырып алған адам жылдан жылға артқа кетеді

Бүгін құрбым автобусқа мінсе, бір қыз судороги боп құлапты. "Қасында тұрған бір жас жігіт "мен мұндай жағдайда не істеу керектігін білмеймін, мұндай нәрсені көрмеппін" деп шошып тұр. Қыздың шашын жинап, бетіне су шаштық. Есін жиғасын су бердік. Жедел жәрдем шақырдық. Ауылдан келген жас қыз. Есін жиған соң қыз "Былтыр жолым болмай, жұмысым да дұрыс болмай, ақшам болмай қатты қиналдым. Сол кезде өлгім келді. Көпірден секірмек болғанымда бір кісі құтқарып қалды. Содан бері осындай ауру пайда болды. Эпилепсия емеспін. Жедел жәрдем әкеткенмен ештеңе жасамайды. Ауруханаға барған соң бір укол салып, "саусың" деп қайтарады" деді. Өзіне қолжұмсамақ боп Құдайдың қаһарына ұшырады ма екен, білмеймін. Жасы жиырма алтыда екен" дейді құрбым.
Қазір әлемнің дерті - депрессия. Жүрегің, бүйрегің, асқазаның, аяғың, қолың емес, жаның ауырады. Депрессияға әркім әр жаста келеді. Байқауымша, тұрмыс құрмаған қыздардың көпшілігі ең бірінші ауыр депрессияға 24-25 жасында түседі. Осы жаста олар ішкі жалғыздығымен бетпе-бет келеді. Жалғыздығын, дұрысы ішкі жалғыздығын саналы түрде жақсы көретін адамдар бар. Жасырмаймын, соның бірі өзім. Ішкі жалғыздығымды, анығы еркіндігімді жақсы көрем.
Тұрмыстағы қыздардың көпшілігі бала туып, соның тәй-тәй басқанын, тілін қызықтап, баламен миы ашып жүріп, депрессияға түспейді не жеңіл өткізеді. Рас, тұрмыс құрса да, бала туса да, үйленіп, отбасын құрып, ұрпақ сүйсе де, үнемі депрессияда жүретін қыз-жігіттер бар. Олар өз айналамда да бар.
Депрессияға жаны тазалыққа соншалықты құштар, айналасынан тазалық іздейтін, қоғамға, ортасына тез бейімделе алмайтын, жағымпаздана алмайтын, екіжүзділікті жек көретін адамдар жиі түседі. Оларды қоғам қысады. Тұншықтырады. Не қоғамға бейімделіп, бәрібір жүрегінің түкпірінде кішкентай тазалығын сақтап қалған, өзімен оңаша қалғанда қатты қорқатын адам түседі.
Еркектен қорлық көрген, зорланған қыздар, балалар өмір бойы жан жарасын жалап өтеді.
Бала кезінен айналасы келемеждеп, кекейтіп, мұқатқан, жылы сөз естімеген, бірақ саналы балалар да ержеткен соң депрессияға жиі түседі.
Депрессияға кімдердің түсетінін тарқатпай осы жерден тоқтайын.
Жалпы депрессияға интеллектісі жоғары адамдар жиі түседі. Олар бастапқыда қоғаммен, торбырлық түсінікпен күреседі. Сосын бәрінен шаршайды. Жалпы депрессиядан қорықпау керек. Депрессия адамды кемелдендіреді. Шығармашылық адамын ашады. Жақсы шығармалар туады. Кез келген ауыр депрессиядан соң адамның болмысында үлкен өзгеріс болады. Табиғатынан жаны нәзік, депрессияға бейім адам депрессияны қабылдау керек.
Қарапайым мысал, фейсбукте жиі отырып, миыңыздан фейсбукте кімнің кіммен ұрысқанын, кімнің кім туралы айтқанын ұмытып, басыңыздан қоқысты шығарып тастамасаңыз, офлайн өмірде де достарыңызбен фейсбуктегі қоқыс әңгімені талқылап, фейсбуктегі адамдарды талқылап отырсаңыз онда сіз депрессия түгілі, өзіңізді де қабылдамайтын, өзіңізді жақсы көрмейтін адамсыз.
Бұл өмірде өзін қабылдайтын, өзін жақсы көретін, самооценкасы жоғары, басын қоқысқа толтырмайтын адам ғана мақсатына жетеді. Басын қоқысқа толтырып алған адам жылдан жылға артқа кетеді. Көзіңізге елестетіңізші, қолыңызға ауыр екі сөмке көтеріп жұмысыңызға шықсаңыз тез жетесіз бе, әлде қолыңызда ешқандай ауыр зат болмаса, тез жетесіз бе? Бастағы қоқыс та тура сондай. Басында қоқысы аз адам ғана мақсатына тез жетеді.
Кеше құрбым Бану "Әр адамның өз орбитасы болу керек. Сол орбитадан шыққан адамды ешкім құрметтемейді" деді. Келісем. Біреулер сені құрметтемесе, демек, сенің өз орбитаң жоқ, болмаса, өз орбитаңды қорғай алмайсың. Болмаса, танымалдылық үшін, арзан атақ үшін, біреулердің өтірік қолпаштағанына мәз болып, клоунның рөлін ойнап, орбитаңнан шығып кеткенсің. Кейін есіңді жиғанда сол рөліңе өкінетін боласың. Сол жасанды рөл арқылы жеткен танымалдылық та сені бақытқа жеткізбейтінін, керісінше күйреткенін түсінесің. Сен салмақты адамның образын жасағың келсе де, қоғам сені бәрібір клоун рөлінде ғана көргісі келеді.
Жақында балерина Волочкова туралы ойладым. Қоғамда қалыптасқан, өзі жанталасып жасаған образына өкінетінін байқадым.
Әр адам өз орбитасын қорғай алса, табиғи болмысымен, өзімен, Құдаймен үйлесімде өмір сүрсе ғана сүйкімді.
Жай ғана өмір сүрейікші. Жұмыссыздық, ақшасыздық та уақытша. Карьера да мәнсіз. Бірде маған бір басылым "сіз жазушы ретінде карьера жасадыңыз. Сіз карьераны таңдадыңыз ғой..." деген сыңайда сұрақ қойды. Сөзбе-сөз ұмыттым, бірақ мағынасы осындай. Карьера жасадым ба, жоқ па, білмеймін, карьера жасаймын деген шынымен ойым болған емес. Жарайды, біреулердің түсінігімен карьера жасадым дейік. Онда карьера жасаған адамның түсінігімен айтайын: карьерада мән жоқ!!! Танымалдылықта да мән жоқ!!! Тек қана жауапкершілік бар.
Аптықпай, жанықпай жай ғана өмір сүрейікші.
Бұл өмірде өзіңмен және Құдаймен үйлесімде өмір сүруде ғана мән бар. Өзімен, Құдаймен үйлесімде өмір сүрген адам өзіне қолжұмсамақ түгілі, адамдарды жек көрмейді.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1134    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 19:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31