Басына түскен ауыртпалықты жеңем деп үш рет күйеу «ауыстырған»...

31 қазан 2019, 11:41

Бір байқағаным біздің қазақтың келіншектерінің көбі басына түскен ауыртпалықты қайта-қайта күйеуге шығумен "жеңдім" деп ойлайды екен. Өткенде, кеше, бүгін. Үш келіншек, біреуі оралман. Үшеуінде төрт, бес баладан. Екі рет, үш реттен күйеу "ауыстырған". Заңды да емес. Құдай кешірсін, өз басын алып жүре алмайтын еркек өзгенің отбасын қалай асырамақ?!
Біреуіндегі бес бала үш әкеден екен. Шым-шытырақ шырғалаң. Қырғын. Кей жерін қайта сұрап алмасаң, ұқпай қаласың. Тұңғыш екі бала өгей әкелеріне бағынбайды. Ол да аса басын ауыртпайды, біреудің баласы үшін. Ал, анасы екі баласын атарға оғы жоқ боп отыр, "жігітімді жақсы көріп кетпедіңдер" деп.
Бұл үрдіс пе, жеңілтектік пе, не дейміз өзі, кароче осындай жағдайлар бала психологиясын "күл-талқан" етпей ме? Байқағаным, барлығы жылай береді, қыстығып...
Тек шоу үшін шығаратын болмасаң, мынадай жағдайда қалай, не істеріңді, қай жағына шығысарыңды білмейсің! Содан жылы жауып қоя саласың...

Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан