“Бауырым, айнаға қарашы!” деп айтқың келеді кейбіреулерге

09 мамыр 2022, 10:32

Кейбір таныстарымның амбициялары тым жоғары сияқты болып көрінеді. Өмірден тым көп күтеді. Сөздерін тыңдасам, интеллекттері Илон Маск пен Ли Куан Юға сәл жетпей тұр. Бетіне айтайын десем ренжітіп аласың, сөйтіп үндемейсің.
Жалпы адам өзінің шамасын білгенде бақытты болатын сияқты. 20-30 жастағы жігіттерді түсінемін. Олар түк өмір көрмеген, шалынып, құлап, өмірдің ыстық-суығын көрмегендіктен айта береді. Сондықтан оларға “Президент боласың!” десе - “Боламын” дейді. Соған өзі сенеді. “Мен президент бола алмаймын-ау осы” деген күмән жоқ. Мен таң қаламын сондай адамдарға. Тіпті қорқамын сондай типаждан.
Әрине “армандау керек, генерал болғысы келмейтін сарбаз - нашар” деген сөздер де бар. Түсінемін. Адекватты амбиция болу керек. Бірақ кейбір адамдардың амбициясы тым утопиялық, тым фантастикалық, тым қияли … тіпті кейде “Бауырым, айнаға қарашы!” деп айтқың келеді кейбіреулерге, бірақ сол баяғы шамданады ма деп ауызыңды жия қоясың…

facebook.com парақшасынан