Сен тұр - мен айтайын!

Бай болу үшін ең бірінші кезекте қоғам осы бейшаралық санадан арылу қажет…

  • Бай болу үшін ең бірінші кезекте қоғам осы бейшаралық санадан арылу қажет…

    Бай болу үшін ең бірінші кезекте қоғам осы бейшаралық санадан арылу қажет…

Осыдан 12 жыл бұрын жол апатынан апам мен жездем қаза тауып бір күннің ішінде тұл жетім болып қалған екі жиенім бар. 1 маусым мен Жаңа жыл сайын әкімшіліктен балаларға арнайы сыйлық жіберіліп тұратынын есітіп: “Қандай тамаша! Мемлекет қамкөңіл балапандарды қуантуды біледі” деп едім: “Дәу ала қаппен бір заттар әкеледі, сосын осының ішінен біреуін таңдап алыңдар дейді, қаптың ішінде бір жөні түзу нәрсе жоқ. 41-ші размер дәу жаман етіктер, қытайдың сасық киімдері жүреді. Ұнамаса да көңілдері үшін ала саламыз”,- деді 13 жасар сіңілім мұңайып.
“Дина тәте, бәрінен де түріктер күшті! Олар сенің барлық арманыңды орындайды”, - деді көзі бал-бұл жанып 7 жасар ботам Дәулетім:- Жаңа жыл күні түрік ағалар мені үйден алып кетіп, әбден қыдыртты, сосын: “сенің қандай арманың бар, жасырмай - ұялмай айт, қалағаныңды алып береміз деді. Мен сосын: “ең күшті ұялы телефон” деп едім, мені магазинге апарып, өзім ұнатқан ең мықты телефонды алып берді” деді ақ Дәулет.
“Иә, Түркиядан келген түріктер екен. Осында жұмыс істей ме, білмедім. Бірақ жетім балаға деген риясыз көңілдері қатты ұнады. Жаңа жыл күні ата-анасы жоқ балапандарды жиып алып, нағыз таңғажайып ертегі жасап беріпті. Дәулет сол күнгі кештен керемет бақытты болып оралды.”-, деді қос ботамды бағып-қағып отырған құдашам.
Не дейін…
Түріктер отарлық көрмеген ұлт. Өзінің тағында өзі ғана отырып, басындағы тәжін ешкімге кигізбеген ұлт. Ұлтының ең сұлу қиялы мен асыл мұратын іске асырған ұлт.
Ал біз… Біз “нищенская психологиядан” әлі күнге арыла алмай келеміз. 300 жылдық санаға түскен бұғаудан 30 жылда арылу оңай ма? Асқар ағамыздың айтқаны бар:
“Кәміл болу қиын, бірақ ой қашады: халық – екі ұғымның құлы: кеткен мен келердің.”
Қайыршылық сана - ешқашан мейірімді бола алмайды! Ешқашан адам сүйе алмайды! Қайыршылық санаға Құдай да бермейді! Бай болу үшін, мықты болу үшін ең бірінші кезекте қоғам осы бейшаралық санадан арылу қажет…
“Үндістер неге ақ нәсілділерден ойсырай жеңілді? Олар тайпалық деңгейден арыла алмай, ұлт болып ұйысуды білмеді” дегенді бір жерден оқығаным бар еді…
Мемлекетті ыдыратпас үшін ұлттық сананы бекемдеу қажет, ал оның бір жолы - осы байғұстық синдромнан арылу…
Күні кеше балалар күніне арналған мерекеде әкім кетісімен жетім балаларға үлестірілген сыйлықтарды қайыра жинап алып, кеше шу шыққан соң, мұңлық балалардың ойыншығын қайтып беріпті…
Осы қайыршылық сананың салдары ғой…

Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3473    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 08:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31