Сен тұр - мен айтайын!

Баяғы айтыс-тартыс, саяси мәдениетті қойдық, "қатын" айтысқа кеттік

  • Баяғы айтыс-тартыс,  саяси мәдениетті қойдық,

    Баяғы айтыс-тартыс, саяси мәдениетті қойдық, "қатын" айтысқа кеттік

Баяғы айтыс-тартыс, саяси мәдениетті қойдық, "қатын" айтысқа кеттік. Опооненттерін білмей, не жазып, қандай тақырыпқа жазып жүргенін қарамай, халық пікіріне де көз салмай,  аузына келгендерін айта салушылар жеткілікті. Сараптама, анализ, мониторинг деген шамалы азаматтарда ғана бар.

 

Әлеуметтік желіге шыға салып, "жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты" дегендей болмаса желідегі бір "тұлғаға" еріп алып, не айтқандарын білмейтіндер де бар.

 

Бақыт Сұлтановтың "азық- түлікті 45%-ға дейін қысқартамыз"- дегенін жазғаным үшін." шакал самозванец" деген "үлкенге құрмет, кішіге ізет"- дегенді де білмейтін, мәдениетсіз, тәрбиесіз, желіде үлкенде, кішіде, балалары, келіндері, аналары, қарындастары да отыратынын еске алмай, боғауыз, былапыт сөздер жазатындарда табылады! 

 

Қаншама рет жаздым, әсіресе желіге жаңа қосылғандар, " саясаттанып" желігіп келеді-ау деймін. "Пікіріңді жаз, ол сенің құқығың, сол сияқты меніңде өз құқығым бар"- дегенді де түсінбейді.  Қоғам болып, сауатсыздыққа қарсы бірігелік десем, " сен ғана ақылдымысың"- деп шығатындарда шығады.  "Олай емес, былай"- деп, Нұр Отан түсіндірушілерінен сабақ алғандар да жеткілікті...

 

Түйін: осы өзім білемшілікті, саяси сауатсыздықты, саяси мәдениетті, тіпті қарапайым тәрбиенің не екенін білмей сандырақтай салатындарда тағы бар... Өзімізді өзіміз, қоғам болып тәрбиелемей, қазаққа бірігудің ауылы алыс-ау деп ойлаймын. Өз пікірім.

 

 

Санат Сүгірәлі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1780    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 23:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31