Сен тұр - мен айтайын!

Байдың қыздарының басым көбі неге эгоист?

  • Байдың қыздарының басым көбі неге эгоист?

    Байдың қыздарының басым көбі неге эгоист?

Сауда қатары. Тұсымда екі әйел тауар таңдауда. Бірі:"Қолдағы келінге алып жатырмын. Ойбу, " Кезінде қарапайым отбасының қызы" деп мұрын шүйіріп ем, күніме жарап отыр. Кенже келін байдың қызы. Төбемнен құй қазып жібереді. Әкесінің малына сеніп бедірейгенде, бетін тілсең қан шықпайтынның нағыз өзі. Әкесі сыйлаған үйде отырып, бізге әрең келеді".

Екінші:"Ойбай, байдың қызының кәнсертін мен көргем. Кіші келін түскенше баланы шыдатпай, әкетіп тынды. Қалай пәтерге шықты, екі күннен соң шешесі төрт бөлмелі пәтер сатып әперді. Балама міндетсінгенде, мойына мініп алды. Кіші келін жоқ-жітік жерден шыққан. Төбесін ойсаң да қыңқ демейді. Жұмыстан қолым босап, жаным кіріп қалды"
Әрі қарай құлағымды аяп, басқа бетке өтіп кеттім. Бірақ... Сонда қалай, "малы бардың" қызының мінез-құлқы малмен теңеліп кеткені ме? Қарапайым отбасының қызы бар мен жоқтың қадырін біледі ғой. Әрине, бәрі бірдей емес. Сонда да, байдың қыздарының басым көбі неге эгоист? Ол малды өзі тапқан жоқ қой?

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30