Байғұс әйел " еркегіне отказ жасауға болмайды" деген түсінікпен тыржиып жүріп туып та жүр ғой...

06 наурыз 2022, 13:47

"Әйел өзі қатарлас жігіттерден үлкен көрінеді" деген дәмесі зор дәйектеме бар. Әрине үлкен көрінеді, нагло ауыздары темекі мен арақ сасып, жақтырмаса да жабыса беретіндер бар кезде! Әйел бейшара пиво аңқып, арақ сасыған күйеулеріне тыржиып, мыржиып жүріп, кәртейіп кетеді... Әйелдердің еркекке через не хочу жабысқанын қашан көрдіңдер?! Бізде бәрі ер адамның келісімімен ғой.
Мына еркек лақ сияқты ішіп ап, жуылмаған тісінің арасына салат оралып тұрса да приставать ете беретін мұжықтар - 8 наурызда ішпеңдерші. Байғұс әйел " еркегіне отказ жасауға болмайды" деген түсінікпен тыржиып жүріп туып та жүр ғой...
Пысық: бұл пост арақ пен темекінің құдіретімен ғана әйеліне жабысып, жиіркенішті көрінетін жігіттерге арналған. Өзін мәдениетті көрсетіп, тіс жуып, дәрет алып барып әйеліне жолайтын азаматтарға мың алғыс!

 

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан