Байлық, барлық не істетпейді деген осы ма? Бұл ненің белгісі?
АСТАПЫРАЛЛА, АРАБ ӘЛЕМІ ӨЗГЕРІП БАРАДЫ
БАӘ президенті Халифа бен Зейд Аль Нахайян өз елінде алкоголді ішімдік ішу мен өзіне өзі қол жұмсауға әрекет ететіндерге байланысты жазаны алып тастап, сезімдері жарасқан жұптардың некеге тұрмаса да бірге өмір сүруіне рұқсат ететін жарлыққа қол қойды.
Жарлық күшіне енген күннен бастап спиртті ішімдік ішу БАӘ қылмыстық іс болып саналамайды. Жасы 21-ден асқан азаматтарға спиртті ішімдіктері сатып алуға, жеке отырып және қоғамдық орындарда іше беруіне болады.
Бұрын мұндай рұқсат тек қана БАӘ келген туристерге, шетелдік азаматтраға егер олар 21 жастан асқан және мұсылман болмаса ғана берілетін.
Бұл Араб әлемі не боп барады?
Бірінші өзге елдің заңғар ғимараттарын құмының үстіне де, айдын суының бетіне де өкіртіп тұрып салдырды.
Одан кейін өзге елдердің ең қымбат автокөліктерінің салондарын бұрқыратып тұрып аштырды.
Енді, міне, сол шетелдің арақ-шараптарын ішуге де рұқсат бере бастады.
Некесіз тұруға да кеңдік жасапты. Бұл енді дүниеге некесіз сәбилер де келеді деген сөз.
Араб әлемі америкаланып бара ма?
Әлде байлық, барлық не істетпейді деген осы ма?
Бұл ненің белгісі?
Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан