Сен тұр - мен айтайын!

Байынан айырылып қалған қатын құсап жаныңды қоярға жер таппай кеткенің жігітке жараспайды

  • Байынан айырылып қалған қатын құсап жаныңды қоярға жер таппай кеткенің жігітке жараспайды

    Байынан айырылып қалған қатын құсап жаныңды қоярға жер таппай кеткенің жігітке жараспайды

Әлеуметтік желі деген жоқ жерден жау тауып алатын орта болды ғой. Жарты жыл бұрын осындағы бір «досыммен» енді қайтып көрместей болып, бір-бірімізді банға тығып тастағанбыз. Бүгін мейрамханада тамақ ішіп отырсақ, сол жігітті көріп қалдым. Өзі келіп амандасты. Қасымдағы кісі кетейін деп отырған. Ағамызды шығарып салып, екеуіміз тағы бір сағаттай әңгімелесіп отырып қалдық. Әлеуметтік желіден ғана көргенім болмаса, өмірде көрген адамым емес. Мәдениетті, әр сөзін байыппен айтатын жігіт екен. Фейсбуктағы образына өмірдегі мінезі мүлдем ұқсамайды. Сол кезде артық кеткені үшін менен кешірім сұрап жатыр. Содан екеуіміз әлгі жерде тіл табысып, жап-жақсы араласып кетіп, біраз жоспарды бірге талқылап тастадық. Өткенде тағы бір жігіттерді достықтан шығарғанмын. «Жолымбет, баннан шығар!» деп пост жазыпты іле-шала. Біреудің достығына мұқтаж болып тұрғандай болып, сондай пост жазатындарды түсінбеймін. Банға жіберіп, достықтан шығарды ма – үндемей-ақ қой, болды. Байынан айырылып қалған қатын құсап жаныңды қоярға жер таппай кеткенің жігітке жараспайды. Аузыңа келгенді айтып, ешкіммен қатты жауығып кетуге де болмайды екен. Жер – дөңгелек. Бір күні кездесіп қалғанда ұяттан жерге кіріп кете жаздап, қарадай қысыласың, әйтпесе.

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 890    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 08:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31