Базар толы бала

05 маусым 2022, 10:42

Түркісіб базарына барғанбыз.Бағаны айтпаймын,оны өзіміз де білеміз. 
Базар толы бала. Әрбір үшінші сатушының жанында бала-шағасы бірге жүр.Май сатып тұрған келіншек "Каникулда екеуін тығатын жер таппаймын.Көршілеріміз нашар,тастауға қорқамын,деп көрпе төселген ескі креслода ұйықтап жатқан ұлына қарады.Қызы жанында қақиып тұр.Ұл оянғанша отыратын да,жататын жа жер жоқ.2 сағат жазғы мектепке барып келеді,таксимен алдырамын.Қымбат та болса лагерьге жаздырып қойғанмын,екі апта болса да дем алып келер"дейді."Ауылға жібермедіңіз бе?" деп едім, "Жіберетін ауыл жоқ. Ауыл орнында,ауылда баламды сеніп жіберетін адамым жоқ.Әке-шешем кеткелі бала тұрғай Өзіміз барғанда аш қалып қоямыз" деп күлгендей болды.Бері шыға бере шаруашылық заттарын сататын киоскідегі келіншек 2-сыныпты бітірген баласының боямағының жанына кішкентай желдеткішті қойды."Не үшін қойдыңыз,ыстық па?" дегеніме "Ыстықтың көкесі алда ғой. Хоз.товардың иісі жаман.Кешкісін қайтқанда үп-үлкен менің аузым порошок татып тұрады,соны аз да болса жел қақсыншы" деді.
Жаз біраз ата-анаға тағы бір қиындық.Өзіміз де баланы үйде үйіріп отырмыз. Айналайын мектептің де,мұғалімнің де кәдірі артып...

facebook.com парақшасынан