Сен тұр - мен айтайын!

Бекшиннің орысшадан шатасуы кешірілмейтіндей қандай "күнә" екен сонда?

  • Бекшиннің орысшадан шатасуы кешірілмейтіндей қандай

    Бекшиннің орысшадан шатасуы кешірілмейтіндей қандай "күнә" екен сонда?

Жандарбек Бекшин орысшасынан сүрініп еді, жұрт жамырап күлді. Мазақ етті. Ақыры қызметінен құлап тынды. Қызмет жолын қарасаңыз, бар еңбегін санитарлық салаға арнаған кісі. Өте білікті, таптырмас маман. Қазіргі Бас санитарлық дәрігерге қарағанда медицина ғылымының кандидаты деген дәрежесі бар, ғылыммен айналысқан адам. Әрі еңбек өтілі Есмағамбетовадан кемінде он жылға артық. Сонда бұл кісінің бар кінәсі орысшадан қателескені ме? Өзінің ана тілінде екі сөздің басын құрай алмай былжырап тұратындардың қасында, Бекшиннің орысшадан шатасуы кешірілмейтіндей қандай "күнә" екен сонда? Орысша білу қай заңда міндеттелген? Неге біз өз-өзімізді орға жыға береміз?

Есмағамбетованың қызметке тағайындалғалы бері халық алдына шығып қазақша бір ауыз сөйлегенін немесе сол бір айда өз саласында қандай да бір есеп бергенін көргендеріңіз бар ма? Керісінше, қашан көрсең Ж.Бекшин талдау жасап жатады.

Өз басым бұл ауыс-түйістен ешқандай да оң шешім көріп тұрған жоқпын. Керісінше, әлі сол қазақ тілін кемсіту. Орыс тілінің үстемдік етіп тұрғанын байқатты. Былайша айтқанда, қазақ тілін орыс тілініне жығып бердік. Болды. Әйтпесе, қазақша білмегені үшін қай шенеунік жазаланып еді? Қазақша бір сөзі түсініксіз Гүлжан Қарағұсова да жүр жайраңдап...

Қазақ тілінің мәртебесін қағаз жүзінде ғана қорғап жүрген кейіп танытып, ал іс жүзінде орыс тілінің дәурені жүріп тұрғанын, өкінішке орай ешқайсысымыз да ұғып жүрген жоқпыз.

 

Ертай Нүсіпжанов
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 882    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30