Сен тұр - мен айтайын!

Бейбіт заманда екі жыл сайын өз қаласы мен ауылдарына снаряд жауғызып...

  • Бейбіт заманда екі жыл сайын өз қаласы мен ауылдарына снаряд жауғызып...

    Бейбіт заманда екі жыл сайын өз қаласы мен ауылдарына снаряд жауғызып...

БІР УЫС АЛҒЫС пен БІР УЫС ТОПЫРАҚ
Осыдан бірнеше күн бұрын қызымыздың Осло университетіне оқуға аттанғанын жазып едік. Норвег жағының грантымен. Бір мың екі жүзден астам досымыз қолдау білдіріп, 450-ге жуық ақ тілек жазылды. Бәріңізге рақмет. Қызымыз ол үміттеріңіз ақтайды, ақ тілектеріңізге адал болады деп сенеміз.
Енді бірер жәйтті айта кету керек. Екі елді, екі елдің үкіметтерін салыстыру үшін. Сапарға шығар алдында қызымыз ковидке қарсы вакцина алмады. Өйткені, бізде салынып жатқан ресей, қытай және отандық вакциналарды Еуропа елдерінің көбі мойындамаған. Оның ішінде Норвегия да. Ал Еуропа мен АҚШ-қа кіруге рұқсат етілген вакцинаны біздің еліміз сатып алмаған. Президент Тоқаев осыны айтып үстелді қанша тоқпақтаса да әлі әкелген жоқ.
Оқуға аттанбас бұрын қызымыз мұны хабарлаған екен, университетінен «оқасы жоқ, он күн карантинде жатасыз, одан кейін осында салдыртасыз» депті.
Ары қарай қызық. Карантинде он күн қонақ үйде жатуы керек. «Оған төлейтін қаржы жағы қиын» деп жазады қызымыз. Иә, рас. Әкесі – біз үкіметтен айына 110 мың теңге зейнетақы аламыз. Еуроға шаққанда 200 еуро. Анасы үй шаруасында. Інісі – ол да студент.
Қызымыз бізді қинамау үшін түсіп тұрған оқуынан бас тартқысы келген. Сөйтсе норвег жағынан «Оны уайымдамаңыз. Он күн карантинде жататын қонақ үйдің ақысы мен үш уақыт тамағын өзіміз төлейміз» деп жазыпты. Жататын қонақ үйінің адресі мен оған ақшаның аударылғанын көрсетіпті.
Сонымен қыз аттанды. Аттанар алдында ПЦР тест тапсырды. Еріп барып әкесі – біз де тапсыра салдық. Аурудан аман екенбіз. Тест тапсырған жерде қызымыз 10 мың теңге төлеген. Бізге зейнеткер болғандықтан 9 мың теңге төлетті. «Он пайыз үкіметтің жеңілдігі ме?» деп сұрап едік. «Жоқ, өз компаниямыздың басшылығының шешімі ғой» дей салды.
Әрі қарай қызымыз Ослоның әуежайында және қонақ үйде тағы екі ПЦР тест тапсырған екен. Екеуі де тегін.
Салыстырып көріңіз. Егер біздің үкімет норвег үкіметі сияқты болса, онда оны жамандағандармен тіліміз жеткенше салғыласып, оған оқ кезелсе кеудемізді тосып қорғар едік. Күн сайын бір уыс алғыс жолдар едік.
Өкініштісі – жағдай керісінше. Бейбіт заманда екі жыл сайын өз қаласы мен ауылдарына снаряд жауғызып, әскері мен құтқарушыларын соғыссыз-ақ қаза етіп, жергілікті тұрғындарды уақытша болсын босқынға айналдырып отырған үкіметті қорғамақ түгіл, алда-жалда ерікті-еріксіз кетіп жатса, «соңдарыңнан бір уыс топырақ» дейміз-ау.




Көрілген: 1409    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 01:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31