Сен тұр - мен айтайын!

Билік басына шыға қалсаңыз, байлыққа кенеле қалсаңыз есіңізде жүретін аңыз болсын

  • Билік басына шыға қалсаңыз, байлыққа кенеле қалсаңыз есіңізде жүретін аңыз болсын

    Билік басына шыға қалсаңыз, байлыққа кенеле қалсаңыз есіңізде жүретін аңыз болсын

"О Солон, Солон, Солон!"


Лидия патшасы Крез өзін жер бетіндегі ең бақытты адам санаған екен.
Күндердің күнінде оған әлемдегі жеті данышпанның бірі саналатын Солон қонаққа келеді. Крез данышпанға асқан құрмет көрсетіп, аста-төк дастархан жайып қарсы алып, өзінің есепсіз байлығын көрсетіп барып одан: "Құрметтім Солон, сен жарты әлемді аралаған жансың, осы жер бетіндегі ең бақытты адам кім деп санайсың?" деп сұраған екен...


Солон "Телла деген Афиняндық азаматты" деп жауап береді. Крез таң қалып: "Ол кім соншама" деп сұрайды. "Ол жай қатардағы азамат, ол өзінің елінің дамып келе жатқанын, балалары мен немерелерінің жақсы азамат болып өскенін көрді және де елі үшін соғыста үлкен ерлік көрсетіп, абыроймен жан тапсырды. Халқы оны қатты құрмет тұтады. Бақыт деген осы емес пе?" дейді.

Сонда Крез "Жарайды, онда одан соң екінші ең бақытты адам кім деп ойлайсың" деп қайыра сұрайды. " Грек мифиологиясындағы Зевстың жұбайы, Гера деген аспан құдайының балалары Клеобис пен Битон деген Аргостықтар. Олар аналары отырған арбаны сегіз шақырым жерге жаяу сүйреп барып, бақытты күйлерінде өмірден өтіп кеткен. Өміріндегі ең ғажап істі бітіріп барып, өліп кеткен бақыттың өзі емес пе?" деп жауап береді.

Сонда көңілі су сепкендей басылған Крез " Данышпаным, сонда сен менің бақытым түкке тұрғысыз деп ойлайсың ба?" деп тікелей сұрақ қояды.

Солон "Сен ұлы патшасың, асқан байлығың бар. Кеше бақытты болғансың, бүгін де бақытты сияқты көрінесің. Егер де менің ақылымды тыңдасаң "Ешбір адамды оның көзі тірі кезінде бақытты деп айтпа. Біз эллиндықтар адам баласы барлық нәрседе мөлшерін білу керек деп айтамыз. Және де кім өмірінің соңғы сәтіне дейін бақытты бола алады, біз тек сол адамды бақытты деп танимыз" депті.

Біраз жылдардан соң Крез перс патшасы Кирдан ойсырай жеңіліп, астанасынан, байлығынан айрылып тұтқынға түседі. Кир оны тірідей өртеуге бұйрық береді. Байғұсты жиналған отынның қол-аяғын байлап жатқызып от жаға бастағанда ол бишара "О Солон, Солон, Солон" деп айғай салыпты.

Кир таң қалып, жана бастаған отты өшіртіп, "Солон деген кім, неге оның атын айтып айқайлады" деп сұратады. Крез ештемені жасырмай айтып берген екен. Ол Крезді тұтқыннан босатып, өзіне кеңесші қылып сайлаған көрінеді.

Адам баласы бақытты не бақытсыз өмір сүргенін өмірінің соңы көрсетеді екен!
Осы пост сізге ой салды ма? Сіздің пікіріңіз қалай? Билік басына шыға қалсаңыз, байлыққа кенеле қалсаңыз есіңізде жүретін аңыз болсын)))
Ұнап жатса тарата жүріңіз.

Құрметпен Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1291    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 23:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30