Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Билікті халықтың жек көре бастағаны, "шолақ белсенділер" солақай жұмыс істейді

13 тамыз 2020, 11:09

Мені "неге қоғам билікке жүйелі түрде сыни көзқараспен қарайды, неліктен азаматтар мемлекеттен жиреніп барады" деген сұрақ жиі мазалайды.
Бұл нигилизмнің себептері көп, сол себептердің бір ғана тармағы жергілікті билік өкілдері өздеріне деген сыни көзқарасты көтере алмайды.
Бір мәселені жергілікті азамат көтерсе, "көтерем қой" тәрізді қисайып қалады.
Сынаған азаматтарға барлық "кәрін шашады".
Бір мысал келтірейін, жақында осы желіде мен Екібастұз қаласындағы қыздар гимназиясының 26-жыл бойы өзінің шаңырағынсыз, басқа мектептерде өгейдің кебін киіп жүргені жөнінде жазған болатынмын.
Бұл мәселені көтеруге мұрындық болған Екібастұз қаласының тұрғыны Фейсбуктағы менің досым Дария Ергазина (Daria Ergazina). Ол кісі жергілікті газетте қызмет атқарады, сол жердің партиоты болғандықтан әр-түрлі өзекті мәселелерді көтереді. Қысқасы, "елім деп жүрген азаматша", шыны керек, нақты өмірде бірде-бір рет ол кісіні көрмегенмін.
Қазақ "ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей, мен бұл гимназияның мәселесін көтергеннен кейін, "Абай кз", басқа да бірлі-екілі сайт бұл мәселені өзінің беттерінде көтерді.
Енді, Павлодар облысының әкімшілігі, Екібастұз қаласының әкімдігі осы азаматтарға "әлеуметтік желідегі жазбаны алып тастаңдар", "жұмған ауыздарыңды ашпаңдар" деген сыңайда әңгіме айтатын көрінеді.
Ең негізгісі, "егер гимназия салу жөніндегі мәселені көтере берсеңдер, бұл оқу орнын жауып тастаймыз" деп ашуланатын көрінеді.
Міне, біздің билікті халықтың жек көре бастағаны, осындай ортаңқолды "шолақ белсенділер" солақай жұмыс істейді.
Ал енді, бүкіл Қазақстан бойынша, қаншама әкім шоралар елді осылай "бишігімен билетіп" отыр.
Ал Екібастұздағы мәселеге келетін болсақ, қыздар гимназиясына пана тауып берудің орнына зәулім оқушылар сарай жұмыс істеп тұрса да, жергілікті билік тағы бір оқушылар сарайын салмақшы екен.
Мына түрімен, жергілікті шенеуіктер ҚАЗАҚ қыздар гимназиясын жауып тынатын тәрізді.
Халықтың өзінің билігіне сына салатын осындай құбылыстар. Мемлекетке сенімді девальвация жасайтын, халықты менсінбейтін шенеуік пен номенклатураның өзі.
Не жыларыңды, не күлеріңді білмейсің...
Біз бұл мәселені әрқашан өз назарымызда ұстайтын боламыз!

 

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан