Сен тұр - мен айтайын!

"Биліктің қолшоқпары! Шпион! Табан жалағыш! ТЖ" - деп шыға келесіңдер ә?!

  • "Биліктің қолшоқпары! Шпион! Табан жалағыш! ТЖ" - деп шыға келесіңдер ә?!

  • "Биліктің қолшоқпары! Шпион! Табан жалағыш! ТЖ" - деп шыға келесіңдер ә?!

ДӨКЕЙДІҢ БАЛАСЫ
(Оқы, оқы және оқы)


"Әкесі дөкей болса , балаға оқудың керегі не? Әкесінің беделі жетеді либой оқуыңды, либой жұмысыңды тауып береді!" - деп, осы дөкейдің баласы дегендерге ала көзбен білдіртпей қарап, қызғанышпен қадалғанда өңменінен өткізіп жібереміз ғой осы біз.
Менсінбей Қарағановичтің баласы Қолбермес олай емес! Ол өзінің бала күнінен армандаған мамандығына өз күшімен қол жеткізді. Әріп тани бастаған кезінен болашақ мамандығы жайлы ертегі біткенді кеміріп оқыды. Қазақшасы жоқтарды тіл үйреніп, жазылған әргинәл тілінде оқитын бетбақтықты шығарды. Әкесі Менсінбей Қарағанович баласының нан табатын оқуды оқығанын қалап, құрлысшы, инженер деген сияқты мамандықтарға тартып көрді, болмады. Шешесі Түштиіп Қарағановнаның баласын "ой, ол юрист немесе нефтияник болады" - деген үміті де ақталмады. Мектептің мұғалімдері де тұқымы бөлек дөкейдің баласына таңданса да баланың бетінен қақпай болашақ мамандығына керек әдебиет тауып беріп, дүниеде болмаған конфереция ұйымдастырып, содан жеңімпаз қылып әкеліп жүрді. Жоғарғы оқу орнына баратын кезде әкесі түгіл әлемнің оқымыстылары дал болды. Қолберместің жүйрік қиялындағы мамандықты оқытатын жұмыр жерде бірде-бір оқу орны жоқ болып шықты! Масқара! Қайтпек керек? Баланың болашағына, рухани жандануына қатты көңіл бөлетін өкімет араласты бұл іске. Нән қаланың ортасынан ойып тұрып үлкен ғимарат салып, алыс-жақын шет елден импортный ұстаздар алғызып, университет ашты. Баланың арманына қол жеткізу үшін осындай жақсылық жасаған өкіметте ала алмаған енді қандай өштерің бар?! Қолдан келгенше бар мүмкіндікті жасады. Универдің ауласынан зәулім коттедж салып, баланы сонда жатқызып, төрт мезгіл тамағын, сауна, билярд, теннис, гольф ойнайтын стадиондарына дейін қойып берді. Бала алаңдамай сабағын оқысын дегендік қой. Білімге ұмтылған балаға бізде барлық мүмкіндік бар десек тағы да әлеуметтік желіде мен туралы "Биліктің қолшоқпары! Шпион! Табан жалағыш! ТЖ" - деп шыға келесіңдер ә?! Талақтарың тарс айрылса да айтарым сол. Көрдіңдер ме Қолбермеске қандай мүмкіндік жасалғанын?! Уот!
Қолбермес ақыры университетін тәмәмдап, ол аз болғандай магистратурасын бітірді. Міне!
Енді қолында бала кезінен армандаған мамандығының дипломы бар! Өзге дөкейдің балалары құсап даярға маяр болған жоқ, өз таңдауын жасады, ізденуден жалықпады. Ақыры арманы орындалды! Әкесі мен шешесі еңіреп жүріп дипломына той жасады. Енді міне, балалары үш жасында әкесі оқып берген ертегідегі үш басты айдахарды өлтіретін маман болып шықты! Бұдан асқан бақыт бар ма?! Диплом қолда, енді жұмыс істеу ғана қалды.
Қырсық дегенді қойсаңшы, біздің елде дипломы бар балаға өз мамандығы бойынша жұмыс табыла қоюшы ма еді? Үш басты айдахарды өлтіретін әлемдегі бір-ақ маман. Соған жұмыс жоқ дегенге кім нанады енді?! Әділетсіздіктің осындай қорлығына қалай шыдайсың? Қолбермес бірақ мойымады. Жұрт құсап химияның дипломымен завклуб не электриктің дипломымен дәрігер болып кететін оңай жолын іздеген жоқ. Алақанына түкіріп, тәуекелге бел буды!
Қолбермес қазір өзі үшін ашылған университетте "Үш басты айдахар өлтіру" институтын ашып, жастарды осы мамандыққа оқытып жатыр.
Талмай ізденудің нәтижесі міне осындай! "Үйбай жұмыс жоқ, танысың болмаса, пара бермесең қиын ғой" - дейтіндер енді не беттеріңді айтар екенсіңдер?
"Ты кирпич братан!
Найди дырку,
И оставайся вечно там!" - деп, Ұлы ғұлама айтқандай, Қолберместің өмірден өз орнын тапқаны ұрпаққа үлгі боларлық іс деп ойлаймын! - деп, бүгінгі "Қолберместің қопарғаны" атты Республикалық ғылыми конференцияның алғы сөзін аяқтаймын.

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1948    Пікірлер: 0

жұма, 11.12.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31