Сен тұр - мен айтайын!

Биология ғылымын дамытпасақ көк шегіртке жеп кетуіміз әбден мүмкін

  • Биология ғылымын дамытпасақ көк шегіртке жеп кетуіміз әбден мүмкін

    Биология ғылымын дамытпасақ көк шегіртке жеп кетуіміз әбден мүмкін

КӨК ШЕГІРТКЕ


Дәрумен мен минерал жетіспегендіктен келеге келе алмай жадап-жүдеп жүрген адамзат алдағы уақытта одан әрі азып-тозуға ұшырай береді деп қорқытып отыр мамандар. «2050 жылдары жер бетінде белок тапшылығы болуы мүмкін» деп, Американың биолог ғалымдары дабыл қаққалы қашан. Әрине, соны айтқан жағына жылан жұмыртқаласын. Белок тапшылығын болдырмаудың бір жолы бар деп үміттендіреді олар. Үміттендіргені бар болсын, олардың белок деп жүргені кәдімгі көк шегіртке екен. Әрине шегіртке жегенді кім көрген, оны кептіріп, кепкен қаңқасын үгітіп, таблетка күйінде тамаққа үстеме ретінде пайдаланасың дейді, бәтшағарлар! Егер шынымен де белок (ақуыз деп жүрміз) тапшылығы басталса жемей қайда барасың? «Аш болса дуана боғын жер» деген сөз бар қазақта.
Бұл енді өтірік емес, шын болатын нәрсе сияқты. Оның дәлелі Қазақстанда шегірткені улап, көзін жоятын болсақ, Израильде қазірдің өзінде шегіртке көшкінін тосып алып, аулайтын қондырғы жасай бастапты.
Егер бүгіннен бастап егістік, шабындық жерімізді құнарландырмай салғырт қарайтын болсақ, суды үнемді, тиімді пайдалануды шешпесек, биология ғылымын одан әрі дамытпасақ, расымен де көк шегіртке жеп кетуіміз әбден мүмкін.

Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1192    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.12.2020, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31