Сен тұр - мен айтайын!

Бисексуалдар мен жезөкшелердің пропагандасына қоғам үзілді-кесілді қарсы болып отыр

  • Бисексуалдар мен жезөкшелердің пропагандасына қоғам үзілді-кесілді қарсы болып отыр

    Бисексуалдар мен жезөкшелердің пропагандасына қоғам үзілді-кесілді қарсы болып отыр

Біреулер қызды-қыздымен қоғамды екіге бөлген даулы мәселеде большевиктерді ақтаған сыңай танытыпты. Күлейін бе, жылайын ба? Көкелерім-ау, гомосексуалдарға қарсы қылмыстық заңды немістерге қарап енгізіп-күшейткен Патшалық Ресей емес пе? Ал 1933-ші жылы “педерастардың жеке ұйымы бар екен, олар шпиондар” деп ұлтекелерді ұстап, жаппай қамаған, 37-де шетінен атқан кім екен? Сталин гей Николай Ежовты “развратник” деп аямай ату жазасына кесе салды емес пе?! Хрущевтың “жылымығында” да “көгілдірлер” “жылудан” құр алақан қалды. Қызтекелерді “ауру” деп психиатриялық ауруханаларға тыққан большевиктер емей кім? 60 жылда 250 мыңға жуық “көгілдірлер” түрмеге тоғытқан кім екен?
Бұл - бір.
Екіншіден, “Все смешалось в доме Облонских” деп, қоғамда митингке шыққан әйелдерге қатысты бір түсінбеушілік орын алған секілді. Соның басын ашып алайық. Түсінікті болу үшін тәптіштеп жазайын. Жаратылысынан ұлтеке, қызтеке болып туатын жандар болады. Оған хромосомалардың біркелкі болмауы, яғни адамның ағзасындағы биологиялық өзгерістер немесе гормондық ауытқулар себеп болады. Соңғы кезде гмо-тағамдар, жігіттердің тауық етін көп қолдануы, экология, депрессивті көңіл-күйлер тағы да өзге себептер әлгіндей мұңлықтардың көбеюіне әкеліп отыр деп дәрігерлер дабыл қағуда. Табиғатынан осылай жаратылған бақытсыз жандарды кінәлауға біздің қақымыз бар ма? Әрине - жоқ! Олардың осы қоғамда адамша өмір сүруіне, ешкімнің сайқымазағынсыз бәрімен теңдей араласуына, бақытты болуына құқы бар ма? Әрине - бар! Өзінің еркінсіз, Құдай солай жаратқан “ерекше” жандарды түртпектеуге біздің моральды құқымыз бар ма? Әрине -жоқ! Қоғам мұны жақсы түсініп отыр! Ал бірақ еріккеннен немесе азғындық жолға түскеннен әлгіндей жолды таңдаған бисексуалдардың бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды ғой. Сонсоң тәнін сатып ақша тапқан жезөкшелерді ақтай аламыз ба? Меніңше осы екеудің пропагандасына қоғам үзілді-кесілді қарсы болып отыр! Ресейде гомосексуализмнің пропагандасына тиым салынатын бап әлі бар.
Баяғыда Лев Толстойлар халықтың басым бөлігі қатты ішкілікке салынып кеткеніне алаңдап, Николай патшаға хат жаза жүріп, “сухой законның” орнауына ықпал еткен екен. Большевиктер билікке келгенге дейін, 12 жыл үстемдік еткен ішкіліксіз қоғамда шын мәнінде едәуір өзгерістер орын алып, ішкілік азайып, қоғам рухани түлепті. Қоғам ғылым мен мәдениетке ден қойып, ғалымдар мен мықты таланттар көптеп шыққан деседі.
Рас-өтірігін қайдам, Горбачевтың “сухой законы” жылдарында да әлгіндей үдеріс пайда болған деген әңгіме бар. Бұл не деген сөз? Тәртіп болмаса, үйіңде береке бола ма? Сондықтан қоғам азып кетпес үшін тәртіп керек! “Дұрыс қанаттанған түзу ұшар” деген!
Дұрыс түсіндіре алдым ба?
Осымен бұл дауға нүкте қоялық...

Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1169    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31