Биыл бүкіл әйелдер екіқабат болсын

28 сәуір 2022, 13:35

Қазақтың қатынға деген махаббаты суып кеткен сияқты. Или еркектер ептиалмай жатырмыз. Бұны не үшін айтып отырмын.
Біздің әйелдер 30 жылда туу көрсеткішін 5 миллионға ғана арттырған.
Ал Өзбек ағайынның хатундары 15 миллионға неткен екен.
1991 жылы Қазақстанда халық саны 14 милллион 300 мың болыпты. Қазір 19 млн.
1991 жылы Өзбекстанда 20 миллион халық есептелген. Қазір 35 млн.
Қазақстан әлемде халық саны өсімі бойынша 63-ші орында. Өзбекстан 43-ші орында.
Біз неге көбеймей жатырмыз? Еркектерде кінә жоқ деп ойлаймын. Әркім шамасы келгенше көкпарға қатысуда. Бірақ, салым жоқ сияқты.
Әйелдерге де өкпелеуге болмайды. Әйтеуір жалқау еркектерге жабысып жүріп халықты 30 жылда 5 миллионға көбейтіп берді. Бірақ бізге сонда да бірдеңе жетіспейтін сияқты. Дұрыс ептиалмайтын сияқтымыз ба Әйтеуір бірдеңе.
Мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға триллиондап теңге жұмсап жатыр. Баяғыдай емес. Таза ауыз су, жайлы баспана, жылы киім, сапалы медицина, кең мектеп дейсің бе барлығы бар. Мемлекет осының барлығын не үшін істеп жатыр? Әрине, халықтың санын арттыру үшін. Алайда, әлеуметтік жағдайы бізге қарағанда әлдеқайда төмен Өзбекстан Республикасында демографиялық өсім қарқынды. Может сояққа барып секреттерін үйреніп келеміз. Общым әйтеуір бірдеңе істеу керекпіз. Біз дұрыс тудыра алмай жатырмыз.
Кеше қадір түнінде отырғанда биыл некедегі бүкіл әйелдер екіқабат болсын деп тіледім. Туыңдар, туғызыңдар.
facebook.com парақшасынан