Сен тұр - мен айтайын!

Бизнес ашу үшін сізге не керек, соның бәрін айтып, құлағыңызға құйып береді

  • Бизнес ашу үшін сізге не керек, соның бәрін айтып, құлағыңызға құйып береді

    Бизнес ашу үшін сізге не керек, соның бәрін айтып, құлағыңызға құйып береді

Көршім кішігірім бір бизнес ашқалы жүр. Бұрын бизнеспен айналысып та, сауда жасап та көрмеген. Өзі сондай кезде жөн-жосығын көрсететін тегін тренингттер тауып алады. Апарып тасташы деген соң, бүгін Байзақов көшесіндегі офистарына алып бардым. Апаруын апарып алып, менің де көргім келіп кетті. Екеуіміз бірге кірдік. Барғанына бес-ақ күн. Бірақ бәрін игеріп алыпты. Ана жерде анау тұр, мына жерде бизнес ашқысы келген адамға мынандай көмек көрсетеді деп, маған бәрін көрсетіп келе жатыр. Кейін білсем, кәсіпкерліктің алғышартын үйретіп, бизнес ашқысы келгендерге тегін көмек көрсететін мұндай орталық Алматыда ғана ашылыпты. Қазір басқа облыстар соның аяқ алысын бақылап, егер сәтімен іске асып кетсе өздерінде де ашпақ болып жұмысын қадағалап отыр екен. Ішінде ығы-жығы адам. Бәрі кәсіпкерлікпен айналысқысы кеп, осында кеңес сұрап, көмек сұрап келгендер. Бәріне де тегін көмек көрсетіп, тегін ақыл айтып, жол сілтеп, жөн сілтеп жіберіп жатыр. Бұрын бір бизнес ашу үшін оннан астам мекеменің табалдырығын тоздыратын болсаң, қазір сол мекемелердің бір-бір қызметкерін осында әкеп отырғызып қойған. Сөйтіп керек құжатты бір жерден жасап бере салады. Егер бизнес план жасап көрмесеңіз, мұнда сізге бизнес план да жасап береді. Басқа жерде бір бизнес планның өзін елу мыңға жасатады екенсіз! Мұнда оны да тегін істеп береді. Осында келіп бизнеспен айналысып кеткендер бар. Адамға шектеу жоқ. Тренинг кезінде бір кісіге күшті ой келген ғой. Орталықтағылар ол кісіге сол идеясын дамытуға көмектесіп, бизнес ашып жіберуге көмектесіпті. Қазір сол жігіттің бизнесі жақсы жүріп жатыр деп естідім. Өзі қолы босай қалса осында келіп, тегін тренингке қатысып кетіп отыратын көрінеді. Тегін нәрседен кім қашсын! Қысқасы, бизнес ашу үшін сізге не керек, соның бәрін осы орталықта сізге айтып беріп, құлағыңызға құйып береді. Жеңілдікпен қаржы беретін қандай мемлекеттік бағдарламалар бар екенін, оларды қалай алуға болатынын да айтады сізге. Өзім бір сағат отырғанда бизнес ашқым кеп, үйге кәдімгідей желпініп, шабыт алып қайттым. Адамға мотивация беретін керемет жер екен. «Қолдаудағы» тренерлердің бір ерекшелігі, мұндағылар практик емес, бәрі шетінен теоретиктер. Бәрі екі тілде бірдей көсіліп сөйлейді. Мен барған кезде тренинг тек қазақша өтті. Отырғандардың бәрі қазақ. Базардағы жұмысын тастап, бизнес ашқысы кеп осында келгендер де бар. Осындай тегін дүниелерді халық пайдаланып қалсын деп жаздым. Тимирязев жақтан Байзақовпен төмен түсіп келе жатқанда жолдың сол жағында тұрған үлкен әйнек ғимарат. «Қолдау» кәсіпкерлік орталығы» деген жазуы бар маңдайында. Барыңыз, көріңіз, мүмкін сіз де осыннан арқаланып (рухтанып) шығып, мықты бір бизнес ашып жіберуіңіз мүмкін!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1369    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31