Сен тұр - мен айтайын!

Білім және ғылым министрлігін бөлу керек деп ойлаймын

  • Білім және ғылым министрлігін бөлу керек деп ойлаймын

    Білім және ғылым министрлігін бөлу керек деп ойлаймын

СІЗ НЕ ОЙЛАЙСЫЗ?

Білім және ғылым министрлігін бөлу керек деп ойлаймын. Қоғам арасында баяғыдан айтылып жүрген ұсыныс негізі. Екеуі ұқсас ұғым болғанымен, мүлде бөлек сала деп санаймын. Бізде жыл сайын "дәл осы министрлік не істеді" дегенде мектеп пен ЖОО қатысты реформа, ҰБТ, грант мәселесі, кітаптағы қателіктер, мектеп оқулықтары жайлы айтылып жатады. Бұл бірінші сөз, яғни білімге қатысты. Ал ғылым қалай болып жатыр? Ол жағы көпті қызықтырған емес.

Білім министрі болып Асхат мырза қала бергені дұрыс-ау. Мұғалімдер мен оқытушылардың мақтауына ие болған алғашқы білім министрі осы кісі-ау. Демек жұмыс істеуі жақсы. Асхат аттылар жалпы жаман болмайды дейді ғой)))

Ал Ғылым министрлігі құрылса, онда ол орынға Асқар Жұмаділдаев ағамыз әбден лайық. Билікке қызықпайды, ғылымды жаны сүйеді, артық сөзден нақты істі ұнатады, өзіндік көзқарасы бар, жаны қазақ, тікмінез. Өзі "Парасат майданында" айтқандай, жапонның сөзі мен ісінің арасы бір сантиметр, ал қазақтың сөзі мен ісінің арасы мыңдаған шақырым дегендей, сол қазақ ғылымындағы алшақтықты жақындата алатын адам бар болса, ол осы кісі. Асқар ағамыз қазақ жастарының арасынан Илондарды көре алатын қасиетке ие сияқты. Құрметке лайық тұлға. Бірақ бір "бірақ" бар. Бұл кісі лауазым, билік дегенге қызықпайды-ау.

Сонда Білім мен Ғылым министрліктері жыл соңында екі есеп берер еді. Оқу процесінде және ғылым алаңындағы жаңалықтар мен жетістіктерді, кемшіліктерді нақты көретін едік.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30