Сен тұр - мен айтайын!

Білім ордасы бұл елдегі әсіредіншілдер үшін "құбыжықтай" көрінеді

  • Білім ордасы бұл елдегі әсіредіншілдер үшін

    Білім ордасы бұл елдегі әсіредіншілдер үшін "құбыжықтай" көрінеді

АСЫЛ ДІНІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН ОЙЛАП ҚАЖЫДЫМ


О заманда, бұ заман, университетке шабуыл жасағанды естігендерің бар ма?
Бүгін Ауғанстандағы Кабул университетіне қарулы үш адам шабуыл жасапты. Айтуынша, осы үшеудің оғынан жиырма адам қайтыс болған. Жараланғандар 22 адам.
Бес сағатқа созылған соғыс (атыс) не үшін болуы мүмкін дейсіздер ме? Естісеңіздер, жағаларыңызды ұстайсыздар...
Бар "кінә" университетте ауған-иран кітаптарының көрмесі өтіпті. Болды. Басқа бөтен-бөстекі ештеңе болмаған. Бар кінә кітапта боп тұр да сонда.
Білім ордасы бұл елдегі әсіредіншілдер үшін "құбыжықтай" көрінеді. Сондықтан болар, мұнда оқу орындарына жиі шабуыл жасалады.
Осыдан біраз күн бұрын Кабулдың тағы бір аумағындағы оқу орнына шабуыл жасалып, 24 оқушы қаза тауыпты. Жиырма төрт оқушы! Сұмдық қой!
Байғұстардың не жазықтары бар еді? Бар кінәлары білім алсам деген пәк ниеттері ме?
Ал жазықсыз төгілген осы студенттер қанын "Ислам мемлекеті" террорлық тобы беттері шімірікпестен өз мойындарына алған.
Өткен жылы Кабулдағы университет сыртында бомба жарылып, сегіз адам көз жұмған. 2016 жылы осындағы Америка университетіне бір адам шабуыл жасап, 13 адамды өлтірген.
Асыл дініміздің абырой-беделін ежелде баскесерлер емес, білімпаз ғалымдар шығармап па еді? Бүгінімізге не жорық?
Осыны ойлай-ойлай қажыдым...

Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31