Білмейм, талай қызды сыңсытып, талай қонақтың "көз жасына" қалды...

23 қазан 2020, 02:11

Карантиннен бұрын жездеме бір кісі тойға асаба керек болып хабарласыпты. Жездем ол күні бос болатынын айтып тапсырысты қабылдап алған. Арада бес минут өткен соң жаңағы кісі қайта звондап:
&mdash Айтпақшы, ұзатуға сыңсу айтатын адам керек ед, танысың жоқ па, - депті.
&mdash Бар ғо, как раз менің келіншегім(апатайым ғо) сыңсу айтады, - десе, ана кісі:
&mdash Қалай былай нәрмәлні сыңси ма, &mdash депті. Жездем де,қайтпай:
&mdash Білмейм, талай қызды сыңсытып, талай қонақтың "көз жасына" қалды, соған қарағанда нәрмәлні сыңситын сияқты" &mdash деп жауап беріпті. Бүгін естіп соны, өлдім күлкіден.
Пы-сы: Той жоскі карантин уақытына түсііп қалып,асаба да жоқ,сыңсу да жоқ тып-тыныш үйінен шәйін ішіп тайып тұрыпты.

facebook.com парақшасынан