Сен тұр - мен айтайын!

"Боғауыз жұртқа айналдық"

  • "Боғауыз жұртқа айналдық"

Кеше "Астана" мен "Ордабасы" кездесуінде ту сыртыма жап-жас жігіт тұрып алып боқтана берді. Хижниченко қисық тепсе - бір балағат, Брижиду құласа - бір балағат, анау қателессе - бір балағат, мынау шалынса - бір балағат... Құлақ әбден сарсып бітті. Бетіне бажырайып қарамақ түгіл, "мынауың не?" десең де ұғатын түрі жоқ. "Әй, бауырым, боқтанбай сөйлесеңші" деп көріп едік, бізді жігіт санамай қалды, сірә. "Ойнай алмай жатса, боқтамағанда, мақтайын ба шешеңдерді..." деп қайырды. Жасы он сегіз-он тоғыздарда ғана.
Бұл енді - тәрбиесіздік. Қоғамдық орындарда эмоцияны тежеп ұстау, жаман сөз айтпау дегенді қазіргілердің көбі түсінбейді. Боқтық сөзді өмір салты деп біледі. Өйткені үйде әкесі шешесін балағаттап сөйлейді, анасы да кез келген сөзін "епті байымайтпен" тұздықтайды. Бала жігіт болғанша, тіпті жоғары оқу орнында оқыса да, көпшілік орында ауызға ие болудың мәдениет екенін сезінбейді, түсіне алмайды, басы жетпейді.
Қайбір жылы таңертең университеттегі сабағыма бара жатып, автобуста екі студенттің қасына тұрып қалдым. Ананы айтса да - боқтық, мынаны айтса да - боқтық. Салонға естілмейтіндей ғып: "Сендер студентсіңдер ме?" - деп сұрадым. "Иә" дейді. "Ұқсамайсыңдар" - "Неге?" "Екі сөздеріңнің бірі - балағат. Болашақ маман, білімді адам олай сөйлемейді" дедім. Ашуға булығып тұрмын. Екеуінің ақылы бар екен, жым болды. Тіпті менен кешірім де сұрады.
Арада оншақты жыл өткен шығар, ескертуге қыңатын жас адам қалмай барады. Бесіктен белі шықпай жатып, сонша ашынатындай не күн туды?

Боғауыз жұртқа айналдық. Көшеде жүре алмайсың. Есік-тесіктің бәрінен балағат естіледі. Бала да, шаға да боқтампаз.
Әкелерімізге таң қаламын. Оқығаны да, оқымағаны да аса қатты ашуланғанда болмаса, мүлде боғауыз сөз айтпайтын еді.
Өзім де рульде келе жатып, жиі боқтанамын осы күні. Тыя алмай жүрмін. Ертең балам өмір салтындай сезініп кетпесе екен.
Қою керек... 




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30