Боқауыздың қырық атасын жіберді-ай келіп. Оқылған құран не болды деймін де...
Ет сатып тұрған апай, алма сатып тұрған ағайды
-Әй пәленше ~ деп атын атап шақырып еді, пәленшесі ести тұра теріс қарап, үнсіз отыра берді. Әлгі әйел дауысын үдете түсті.
- Пәленше деймін.??
Дәл жанында тұрып неге естімей тұр екен?
Құлағы ауырлау болғаны ғой! Бар назарым алма сатып тұрған ер адамға ауды. Ауызы жыбырлап отыр екен .
Намаз оқып отыр-ау. Мұның естімегеніне әлгі әйел ашуланып,
Әй керең ~ деп қолындағы қоқыс салынған пакетімен төмпештеп алды. Сонда да, міз бақпай, жауапсыз отырған еркекті жұлқылауға көшті.
"Намаз оқып отыр ғой тиіспеңіз" деп айтып үлгердім. Еркек әлден соң, өзін шақырған әйелге бас салды.
-О шешеңді дігідік-дігідік " құран оқып отырмын " көрмедің бе?
Боқауыздың қырық атасын жіберді-ай келіп.
Оқылған құран не болды деймін де.
Ең бастысы ниеті түзу ғой.
Алланың өзі кешірсін!
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан