Сен тұр - мен айтайын!

«Болашақтықтардың» біреуі елге Селжүк Байрақтар сияқты пайда келтірген жоқ

  • «Болашақтықтардың» біреуі елге Селжүк Байрақтар сияқты пайда келтірген жоқ

    «Болашақтықтардың» біреуі елге Селжүк Байрақтар сияқты пайда келтірген жоқ

2005 жылға дейін Түркияда безпилотник деген атымен болмапты. Оны Америкадан сатып алғысы келгенімен, Американың Сенаты түріктерге безпилотник сатқысы келмейді. Содан не істеген дейсіз ғой? Түріктер оны өздерінің ата жауы – Израильден сатып алмақшы болады. Ақшасын төлеп, еврейлерден алуын алғанымен, қызықтың көкесі кейін басталады. Түріктер терроршылардың төбесінен барлап қайтпақшы болып, оны Сириямен шектесетін шығыстағы шекараға жіберіпті. Ол жерде жүрген қарулы жасақтардың бәрін беспилотник суретке түсіріп алады да, түріктер іле-шала оның артынан әскери ұшақ жіберіп, әлгілерді түгін қалдырмай бомбалап қайтады. Бәрінің көзін жойдық деп мәз болып қайтқанымен, кейін ол жерден өлген террористің біреуін таба алмай қалады. Сөйтсе, безпилотник ол мәліметті түріктерге ғана емес, еврейлерге де жіберіп отырыпты. Содан біраз уақыт өткенде безпилотниктері бұзылып, біртіндеп істен шыға бастайды. Түріктер оны жөндей алмайды. Олар да біз сияқты ескі жырларын жырлап, әдебиетін мақтап, тарихын түгендеп жүре берген ғой. Технологияда ешқандай іліп алатын жаңалық ашпай, орыстың қаңсығын пайдаланып жүрген біз сияқты біреудің ескі-құсқы техникасын малданып жүреді. Дәл осы уақытта Селжүк Байрақтар деген жігіт Пенсильвания университетінің магистратурасын, Массачусетс университетінің докторантурасын Американың грантымен оқып бітіріп жатады. Ол жігітің өнерлі жігіт екен. Өз бетінше адамсыз ұшатын ұшақ жасап шығарып, интернетте «Егер маған 5 жыл бойы ақшалай көмектессеңдер, безпилотник жасап шығарып, Түркияны осы саладағы лидерге айналдырамын!» деп мәлімдейді. Сатып алған безпилотниктері бірінен кейін бірі бұзылып, оны жөндей алмай басы қатып жатқан түріктер елең ете қалып, оны сол кезде премьер болған Ердоған да естиді. Ердоған ол жігітті бірден елге алдырып, бар жағдайын жасап береді ғой. Сөйтіп, арада 10 жыл өткенде Түркия безпилотниктерді өзі жасап шығаратын мемлекеттің біріне айналып шыға келеді! Күрдтермен соғыста осы безпилотниктің көп көмегі тиеді. Селжүк Байрақтар – түріктің талай сарбазына өмір сыйлап, түріктің қарулы күшіне технологиялық прогресс жасап, оны жаңа сатыға көтерген үлкен технократ. Жас болса да, бас болатын жігіт. Тәуелсіздік алғалы бері бізде де шетелде 13 мыңдай адам оқып келіпті. Не бітіріп жүргендерін білмеймін, сол «болашақтықтардың» біреуі елге осындай пайда келтірген жоқ. 2000 жылдың басында ғой деймін, солардың: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалса, біз елге қайтпаймыз!» деп қиғылық салған сатқындығы ғана есімде қалыпты...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1006    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30