Сен тұр - мен айтайын!

Бөлінген қаражат адасып барып, байқамай бір жемқордың қалтасына түсіп кетті ме?

  • Бөлінген қаражат адасып барып, байқамай бір жемқордың қалтасына түсіп кетті ме?

    Бөлінген қаражат адасып барып, байқамай бір жемқордың қалтасына түсіп кетті ме?

ӨЗЕН БОЙЫ ТҰНЫП ТҰРҒАН ТАҚЫРЫП.

Кеше Медеу ауданы əкімдігінің бастамасымен "Бетперде тағыңыз" деген плакаттар Кіші Алматы өзенінің бойындағы ағаштарға байланған. Əкімдік шенеуніктері атқарылған жұмысты зор ризашылықпен қабылдапты. Бүгін таңертеңгісін шенеуніктердің көңіл-күйі күрт өзгеріп, плакаттарды қайта алғызды. Ағашқа байлауға болмайды-мыс. Кеше болған. Бүгін оның "жабайылық" көрінісі екенін түсінген. Серуен жолының сəніне сын. Ұят! Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енген абыройлы ел! Əдеміліктің шырқын бұзбас үшін емес пе, өзен жағалауының əр тұсындағы аздап тоза бастаған тас қалауды қыруар қаражат жұмсап, қайта жаңартып, ит əуреге түсіп жатқаны. Қытайвируспен күреске қаражат таппай жатқанына қарамастан...
Мəдениеті жоғары ел мұндай плакаттарды екі тіреуі бар арнайы тақтаға іледі. Əу баста плакатымен қоса тақтасына да тапсырыс беру неге ойларына келмеді екен? Қысқа жіп күрмеуге келмеді ме, əлде тақтаға бөлінген қаражат адасып барып, байқамай бір жемқордың қалтасына түсіп кетті ме?
Бұл ақыл деген жарықтықты қоя қой! Кейбір басқа түстен кейін кіріп, адамды тұсақ қойша маңыратып қояды:-) Енді міне, жұмысшылар плакаттарды қайда ілерін білмей дал болып отыр. Оқып-тоқыған "зиялылардың" ақылы бірден жетпеген "күрделі" мəселеге қара жұмысшының ақылы қайдан жете қойсын?) Плакатты өзен бойындағы тренажерлерге ілесің бе, серуен жолы бойындағы жеке үйлердің қоршауларына жапсырасың ба, əйтеуір ел көретін жерге іл, бірақ ағашқа байлауға болмайды депті əкімдіктегілер. Жеке үй иелері оған рұқсат берсе жақсы ғой. Ал бермесе ше? Тренажерлердің функциясы мүлдем басқа емес пе?

Сонымен, жұмысшылар плакаттарды қайда ілерін білмей, жерге жайып тастап, ақылы айран, миы ойран болып, салдары суға кетіп отырыпты. Бұл тамаша көріністі өздерінің ризашылығымен шырт дегізе қойдық. Өзен циклынан бір ескерткіш болсын деп, ағашқа жіңішке сыммен байланған плакаттарға да көңіл бөлдік.
Қысқасы, ескерту бар. Бадырайтып тұрып, көзалдыңызға іліп қойды. Ертеңнен бастап өзен бойындағы қалың ағаштың қалқасынан полицай ағай ысқырығын шырылдатып жүгіріп шыға келіп, тұмылдырықсыз жүргеніңіз үшін айыппұл салса, өз обалыңыз өзіңізге! Жанармай бекеттерінде режим бұзғандарды оңдырмай жатыр деген сыбыс желдей есіп тұр.
«Нам нужно сделать, чтобы буквально на всех основных улицах наших городов мы могли бы бесплатно раздавать маски нашим гражданам». Ел Президентінің жуырда айтқан осы сөзі есіме түсіп, өзімше тəтті қиялға шомып кеттім. Күнде таңертеңгісін өзен бойындағы ағаштардың бұтағында тұмылдырықтар ілулі тұрса ғой, шіркін! Тегін. Əр жарты сағат сайын ауыстыруға кетəрі болмас ем.

 

 


Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30