Не болса да, осындай тегін шаралар тегін өткізілмейтін көрінетін сияқты маған

08 мамыр 2022, 21:42

Марат Абиев деген кім? Кешеден бері соның өткізем деген кәнсерті өтпей қалып шу шығыпты. Бас қаладағы "Барыс Аренаға" түгел тегін кәнсерт берем депті. Бірақ, еш жерде ешқандай жарнама жасамаған дейді дереккөздер.
Түрлі ақпараттарға қарасам, бірнеше қаладан автобус толы жастар жолға шығыпты. Оларды полиция тоқтатып кері қайтарған. Сөйтсе, әлгі Марат Абиев концерт өткізуге ешқандай рұқсат алмаған. Ол жігіт бизнесмен дейді ақпарат көздерінде. Ендеше оған тегін концерт өткізуге не себеп болғаны белгісіз. Әйтеуір түсініксіз тұстары көп. Бұл туралы құзырлы органдар алдағы уақытта ақпарат бере жатар.
Рұқсат етілмеген концертке халықты шақыру дұрыс емес екені анық. Барыс аренаның өкілдері, Марат Абиев мерекелік шара өткізу талаптарды орындамады, сөйтіп біз бұл шараны өткізуден бас тарттық деп түсініктеме беріпті.
Не болса да, осындай тегін шаралар тегін өткізілмейтін көрінетін сияқты маған. Еліміздің тұрақтылығы мен халқымыздың татулығынан асқан байлық жоқ. Тыныш жүріңдерш, айналайындар-ау...

Фейсбуктегі парақшасынан