Сен тұр - мен айтайын!

БОП КӨРІНУДЕН жарыс өтсе, құдай біледі біз бірінші орын алатын шығармыз...

  • БОП КӨРІНУДЕН жарыс өтсе, құдай біледі біз бірінші орын алатын шығармыз...

    БОП КӨРІНУДЕН жарыс өтсе, құдай біледі біз бірінші орын алатын шығармыз...

Егер осы БОП КӨРІНУДЕН жарыс өтсе, құдай біледі біз бірінші орын алатын шығармыз)

1. Әдемі сөздер жазып, елге ақыл-кеңес беруге құмармыз, өзіміз соның 10 пайызын істемесек те, не үшін?

АҚЫЛДЫ БОП КӨРІНУ үшін!...

2. Қолымызға қымбат сағат тағып, ең соңғы үлгідегі смартфон ұстап аламыз, бірақ көрінген адамға қарыз болуымыз мүмкін... Не үшін?

БАЙ БОП КӨРІНУ үшін!

3. Ауылға, елге барымызды киіп, бар алтынымызды тағып баруға тырысамыз, тіпті біреуден сұрап алсақ та. Не үшін? "Мына байғұс қалада жүріп, әбіржіп кетіпті ғой" деп айтпасын деп, ТАБЫСТЫ БОП КӨРІНУ үшін!

4. Сосын ауылына барғанда, арасында орысша қосып сөйлеп, "Турцияға барғанда, қойшы мұндайды біз Дубайдан көргенбіз" деп сөйлейтіндер де бар. Не үшін?

ӨЗІНШЕ БОП КӨРІНУ үшін! Сырт көзге күлкілі және ол қарапайым адамдарды күйзеліске ұшыратады. Оны ойламаймыз біз...

Осының бәрі комплекс қой! Какбудто біреу үшін өмір сүретін сияқтымыз. Қалай бармыз, солай жүре алмаймыз. Мәселе азып-тозып, өзіңе қарамай кету керек дегім кеп тұрған жоқ. Жай ғана көрпемізге қарай көсілейік те. Ол - бір!

Екіншіден, құр сырт бейнеге, былайша айтқанда "обложкаға" қызмет етпей, ішкі дүниемізді байытайық та. Кітап сатып алып оқиық, курстарға жазылып, тілдер мен неше түрлі өнер үйренейік. Саяхаттайық. Сонда БОП КӨРІНБЕЙміз, шын мәнінде сондай боламыз. Өзгелер үшін емес, рахатымызға өмір сүреміз.

Нақты есімде жоқ, Мәулана ма еді, былай деген:

"НЕ БОЛҒАНЫҢДАЙ КӨРІН, НЕ КӨРІНГЕНІҢДЕЙ БОЛ". Солай!

Айт қабыл болсын!


P.S. Тағы қандай БОП КӨРІНЕМІЗ? Байқап жүргендеріңіз болса, айта отырыңыз, кемшілігімізді түзеуге тырысайық:


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1217    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30