Сен тұр - мен айтайын!

Бір-ақ уыс қазақтың бірін-бірі жек көріп кеткені кімге керек еді?

  • Бір-ақ уыс қазақтың бірін-бірі жек көріп кеткені кімге керек еді?

    Бір-ақ уыс қазақтың бірін-бірі жек көріп кеткені кімге керек еді?

ҮЗІК...ҮЗІК...


Өзінен үлкен адамның жағасынан алып аузына келгенді жазбай-ақ қоюға болмас па еді... Әйел затының әкесіндей ер адамға сонша сөз арнауы... Ол адамның балалары әкесін көлденең көк аттыға тілдетіп қоя ма, күні ертең жауапқа тартса ше?


***

Біреудің қайғысын тырнап өту, табалау, кекету, жаны ашымау. Әйелдердің жазбасы олай болмауы керек еді ғой. Жеке жеккөрушілікті әлеуметтік желіге сап талқылау. Жиіркенішті екен. Кімге нені дәлелдегісі келеді, түк түсінбеймін.


***

Елтаңбаны ерінбегеннің бәрі жазды. Дұрыс. Мемлекеттік рәмізді қорламау керек. Бірақ бір теңгелік пен екі теңгелікті ұсынсаң неге алмайсың? Неге лақтыра саласың? Онда да елтаңба бар ғой. Анау алтын күн бейнеленген &ldquoҚазақстан&rdquo шоколадына қара, туыңды күнде табанға сап таптап жатқандай әсер етпей ме? Бірақ Абайды да аяусыз &ldquoтаптамап&rdquo па едік...


***

Әлеуметтік желідегі көкбеттене долданып жазылған жазбалардан дарақылықты ғана көрем. Біреудің аты аталып аяусыз тілдеп жазылған жазба иесі көпке белгілілеу болса, ең бастысы. Діттегені &ldquoорындалады&rdquo, демек. Өйткені пікір жазатындар да өзі сияқты. Екі жақ та мақтаудан да, былапыттан да керемет күй кешіп, ерекше ләззат алатындай көрінеді.


***

Әлеуметтік желіде жеке адамдардың айтысуы, салғыласуы, бірін-бірі аяусыз тілдеуі... Сұмдық қой. Ең сорақысы, ондайларға тәйт дейтін үлкеннің, сөзін өткізе алмайтын дананың, жөнге салар шын жанашырдың жоғы. Аянышты!
...Бір-ақ уыс қазақтың бірін-бірі жек көріп кеткені кімге керек еді?

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30