Бір ақсақалдың ақылы, бір шанс,...

Бір ақсақалдың ақылы, бір шанс,...

34 жасар жігіт аудан әкімі болып келеді. Келе салысымен, ауылдағы ақсақалдармен кездесіп, жағдай сұрасады. Шәй береді. Сөйлеседі. Ақсақалдар тарап кеткенде, біреуі оңаша қалып қалады. Сонда ақсақал жас әкімге: "Балам, ауыл сыртында бір ескі қираған зират бар, сол зиратта Шарип Ялымов деген татар жатыр, сен соны жөндесеңші, өзіңе де жақсы болады" деп ақыл айтыпты.

 

Сөйтсе, Шарип Ялымов деген Дінмұхамед Қонаевтың жұбайы, Зухра апамыздың әкесі екен. Кеңес Одағына қарсы соғысып, соңында сол НКВД жендеттерінің қолынан 1920-шы жылдарда атылған. Сол кездегі сөзбен айтсақ, "халық жауы".

 

Аудан әкімі бәрін түсініп, ілезде зиратты жөндетуге, қара мрамордан көтеруге бұйрық береді. Барлығы дайын болғанда, әкім Алматыға ұшып барып, барлық тамыр-танысын салып, Зухра Шарипқызының қабылдауына түседі. "Әкеңіздің зиратын жөндедім, келіп Құран оқытып кетсеңіз болады" деген екен.

 

Татарлар дінге екі қадам жақын халық қой, 1970-шы атеистік жылдар болса да, Зухра апайымыз құпия түрде келіп, әкесінің зиратына Құран оқып, жас әкімге рахметін айтып, риза болып кетіпті.

 

Бір ай өтпей, Алматыдан Қонаевтың қолы қойылған, 34 жасар жас әкімді облыс әкіміне тағайындау туралы бұйрық келеді. Жас жігіттің карьерасы аспанға ұшады. 1970-1980 жж біраз облыстарға әкім болып, 1990-шы жылдары зейнетке шығыпты.
Сонда ойлаймын да, бір ақсақалдың ақылы, бір шанс, бір сөз, адамның өмірін күрт өзгертіп жібереді. Жігіттің де пысықтығы, сол зиратты жөндеп, ерінбей Зухра апамызды табуы, барлығы да тектен-тек емес. Өз мүмкіндіктерін жібермегендер өседі бұл өмірде. Тағдыр деген қызық қой ...

 

Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста