Сен тұр - мен айтайын!

Бір-біріне ешқашан қабыспайтын мәңгілік шідерлеулі екеніне көзім жете түсуде

  • Бір-біріне ешқашан қабыспайтын мәңгілік шідерлеулі екеніне көзім жете түсуде

    Бір-біріне ешқашан қабыспайтын мәңгілік шідерлеулі екеніне көзім жете түсуде

Ойтүйгенім - қазақ бір-біріне қабыспайтын екі бағытта өмір сүріп жатқандай. Достығымда санаулы ғана орыс тілділер бар. Алғашында бірәз бартын. Кейін оқып жүрген мықтыларым көрінбей кеткен соң қарасам, мені достығынан өшіріп тастапты. Әлеуметтік әңгіме мен қарапайым жазбаларымды деңгейім жетімсіз деп шешсе керек. Олардың көзқарасы, пайымы қазақтілдіден бөлек. Ойлау жүйесі қазақ жерінде емес, басқа елдегі жандарша өзара пікірлеседі. Алғашында қыстырылып, пікір жазатынмын. Байқасам, олардың өз тілі бар. Тек, өз тілдестерімен жауаптасып, пікір алмасады. Саған миығымен қарайтындай ма, түсініксіз. Осы күні санаулы қалғандарының жазбаларын оқумен шектелем. Саяси талдауға келгенде жүйрік. Жанды-жақты талдауда қазақ тілдіні шаң қаптырады. Тек, өзара... Қабыспайтын, жуыспайтын екі лагерь! Қазақ тілділер жалпақ жатқан даладай жалпылама жазамыз. Кішігірім жайтты дабылдатып, биік қабырға жасап аламыз. Қырқысамыз. Өзара бір-бірімізді балағаттаймыз. Орыстілділер біздерден өздерін алыс ұстайды. Пікірімізге миығынан күле қарайтындай әсер аласың. Теріс пиғылмен жазып отырғаным жоқ. Арандату ойымда мүлдем жоқ. Тек, мемлекет екі тілді, екі көзқарасты жікке бөлінуінен бір-біріне ешқашан қабыспайтын мәңгілік шідерлеулі екеніне көзім жете түсуде.


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.05.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30