Бір-екі антұрғанның есімі аталса, әзірге пәк депутаттар үшін сабақ болар ма еді...
Мәжілістің экс.депуттаттарының атқарған іс-тірлігіне қандай да бір талдау, сараптама жасалып, баға берілді ме екен? Осы талдауларға сай, экс.корпус ішінен «Қазақстан халқына адал қызмет етпегендері», яғни ант, уәдесіне тұрмағандары болса, біле отырайық. Бұндайларға, «антұрған, бәлнше!» деп сөйлесек, сотқа сүйремеуі үшін сұрап отырмын.
Депутат біткеннің бәрі антына адал болса, халықтың наразылығын тудырған заң-зәкөндар (мысалы, Жер кодексінің атышулы баптары) қалай туындады екен? Сонымен, экс.корпус ішінде антұрған бар ма, антына тұрған бар ма?
Ең болмаса, бір-екі антұрғанның есімі аталса, әзірге пәк депутаттар үшін, бұл тым-тәуір сабақ болар ма еді.
Нұрлан Сәдір
Фейсбуктегі парақшасынан