Сен тұр - мен айтайын!

Бір келін бір ауылды түзеді...

  • Бір келін бір ауылды түзеді...

    Бір келін бір ауылды түзеді...

Осыдан он бес жылдай бұрын көліктен түсіп жатсам анадайда келе жатқан орамалды жас қыз бүгіле қалды. Бір аптадан кейін бе қақпадан шығып шылым шегіп тұрсам, қолында сөмкесі бар дүкеннен келе жатыр екен, тағы сөйтті.
- Әй, бір жас бала пайда болыпты ғой көшеде, аяғы ауыра ма, сүріне береді, - дедім үйге кірген соң әйеліме.
- Қандай бала? - деді ол. Осындай-осындай орамал таққан, деп сипаттап жатырмын ғой. Әйелім бетін шымшыды:
- Сіздікі ұят болыпты, ол ана төменгі үйге түскен келін ғой, сізге сәлем салып жүр екен, бата беруіңіз керек, - деді.
Қыздары керек болса өзіңе сәлем салдырып жіберетін орысы көптеу ауылда өскен менің көзім атыздай болды.
- Қандай бата?
- Бақытты бол, Алланың нұры жаусын, үбірлі-шүбірлі бол, дегендей жақсы сөз көп қой.
- Өй, қой, айт маған сәлем салмай-ақ қойсын.
- Жарайды.
Келіншегім айтқанымен жас келін сәлем салғанын қоймады. Ақыры бата беруге мәжбүр болдым, одан әуездеп шұбыртып тұрып беретін болдым, одан басқа келіндердің сәлем салған-салмағанын қарайтын болдым. Көшедегі үлкендердің барлығы өздерін қайынаға, қайыната, қайынапа сезініп, түзеліп қалды. Әлгі бала келе жатса сәлем салып үлгерместен батаны шұбыртып жатады. Бір келін бір ауылды түзеді. Кейін ата-енесі жастарды бөлек шығарды. Көп көрмейтін болдық.
Өткенде көліктен түсейін деп жатсам белесебет мінген бір кішкентай бала есікті аштырмастай ентелеп, "Ассалаумағалейкүм" - деп қолын соза амандасып жатыр. Үй, айналайын, уағалейкүмассалам, - деп басынан сипадым. - Кімнің баласысың?
Әке-шешесін атады. Әлгі сыпайы жігіт пен ізетті келіннің ұлы екен. Ата-әжесіне қонаққа келіпті. Қақпаны ашқан әйеліме: Қазақы иба мен инабатты сіңріп өскен бала осындай болады, дедім ризалықпен. Осы кезде қараға оранған бір әйел аман-сәлемсіз зу етіп өте шықты. Бұрын бет-аузын жапқан мұндай адамды үй маңынан көрмеппін. Менің таңырқай қарағанымды байқаған келіншегім: Арғы көшеге түскен түскен жас келін ғой, өткенде құтты болсын айтып барғанда еркектер бар екен деп, ақсақалдарға шай да құймай қойды, - деп жымиды.
Он бес-ақ жыл өтті ғой...

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4645    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31