Сен тұр - мен айтайын!

Бір күндегі өлім көрсеткіші жағынан Қытайдан да озып кеткен Италияның қателігі осы

  • Бір күндегі өлім көрсеткіші жағынан Қытайдан да озып кеткен Италияның қателігі осы

    Бір күндегі өлім көрсеткіші жағынан Қытайдан да озып кеткен Италияның қателігі осы

Масканы неге пайдасыз деп жатырсыздар? Маска дегенің вирусты өзіңе жəне өзгеге жұқтырмауға арналған қорған ғой. Мысалы, вирус таралған сəтте Қытай көшеде маскасыз жүруге тыйым салған. Ал Оңтүстік Корея бір масканы бірнеше рет пайдалануға рұқсат берді (əрине, ол тек өзіңдікі болуы шарт). Егер бетперде пайдасыз болса, олар мұндай қадамға бара ма? Сондықтан қоғамдық көліктерде, кісі көп жүретін жерде маска таққанды өз басым құп көремін. Сақтықтың басы осыдан басталу керек. Сосын бала-шағаны алып базар жағалап, ойын-сауық орталықтарды аралап, көше кезіп жүргенді қою керек. Коронавирустың таралу жылдамдығы мен бір күндегі өлім көрсеткіші жағынан Қытайдан да озып кеткен Италияның əу бастағы қателігі де осы - бейқамдығы еді. Көбі "маған келмейді" деген оймен қамсыз жүрді, аурудың қаншалықты күрделілігін сезінбей, ел ішін аралап, көшеде тамақтанып, жиын-басқосулардан қалмай жүрді. Екі аптадан кейін вирус жұқтырғандар бір мезетте жан-жақтан "бұрқ" ете қалғанда медицинасы дамыған елдің өзі оған ие бола алмай қалды...

Сондықтан бір сəт Үкіметтің жасап жатқан сақтық шараларына атсалысып, аса қажеттілік болмаса, сыртқа шықпай, балаларымызды тəрбиелеееп, үйде отырғанымыз дұрыс шығар. Айтпақшы, Италия #үйде_отыр деген ұран тастап жатыр екен. Біз де сөйтейік. Алла жар болсын Қазақ еліне!

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2428    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30