Сен тұр - мен айтайын!

Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы...

  • Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы...

    Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы...

"Едігеден бастасам, ертегіге кетермін" дегендей, әңгімені Абайдан бастасам әзілдеп ала жөнелетін бірер інішек бар еді, солардан сақтансам да, Абай атамнан бастадым, ғафу өтінемін... Қазір көп жерде қысқарту. Журналистерге келіп жатқан шағым қыруар. Жұмыссыз қалған, ақысыз демалысқа кеткен, азық-түліксіз, ақшасыз қалған, елге, не еліне қайта алмай сенделген жұрт. Жаның ашиды, жүрегің сыздайды. Бәріне жаппай қылар қайран, нақты жасар көмек жоқтың қасы. Және БАҚ-қа шағым жазған адам ақпараттың шығуынан бұрын, проблемасының шешілуін күтеді. Қазан аузы жоғары. Осы ретте, сөз тыңдар ағайын-бауыр-қарындасқа бір тілегім бар. Бірінші: Достар, қалтаңызда азғантай ғана, есептеулі тиын қалғаны белгілі, бірақ, мәрт көңіліңіз жетсе, қиналғанға сеп болып 5-10-20 мың теңге болса да мұқтаж жұртқа көмек етіңіз. Ағайыныңыз, туысыңыз, жамағатыңыз, көршіңіз, бөтен де болсын, мейлі. Ең бастысы, аздап болса да азығына сеп боласыз. Екінші: Бауырлар, егер басшылық қызметте немесе жеке бизнесте болсаңыз, қарамағыңыздағы жұртты жұмыстан шығармаңыз, ақысыз демалысқа қумаңыз... Кең болуға тырысыңыз. Абайдың "тас болма" дегенін тақырыпқа шығарғаным осыдан.

Мыноу сол - "Қараша желтоқсан мен сол бір екі айдың" түйінді шумағы:
Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.

Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

Қасым Аманжол
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 10:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31