Сен тұр - мен айтайын!

Бір қыздың шетке кеткені - ұлттық трагедия ма...

  • Бір қыздың шетке кеткені - ұлттық трагедия ма...

    Бір қыздың шетке кеткені - ұлттық трагедия ма...

Қашан біреудің жеке өміріне қол сұқпауды үйренеді екенбіз? Бір қыздың шетке кеткені - ұлттық трагедия ма, әлде жылына жүздеген қыздардың өз елінде зорланып, қор боп жүргені трагедия ма?


Елдегі әлеуметтік жағдай қиындап барады. Салдармен емес, себеппен күресу керек. Әділ сайлау, тәуелсіз БАҚ-тар туралы заңдар маңызды емес, "Төрт әйел алу туралы заң" қабылдануы керек!


Қылмыстық кодексте адам зорлау бабын ауыр қылмыстар санатына жатқызу, жемқорларға айыппұл төлеп шығуға мүмкіндік бермей, ұзақ жылдарға отырғызу маңызды емес, шетелге кеткен, африкалықтарға тұрмысқа шыққан қыздарға да айыппұл төлету, шетелдіктерге салық салу керек! Міне, әйелге деген көзқарас. Сонда әйел тауар ма, сатып алып, салық салынатын...


Қыздарымыздың шетке кетуін мен де қолдамаймын. Бірақ екінші мамандығым заңгер ғой, айтайын, біреудің той суреттерін алып, боқтап, лағынеттеу қылмыстық кодекспен жазаланады.


Әлеуметтік, нәсілдік дискриминацияға жол жоқ. Этика қайда? Жоғары мәдениетіміз қайда? Қыздарымыз шетке кетпесін десек, қауіпсіз елге айналайық! Тапа-тал түсте олимпиада чемпиондары өз мүлкін қорғаймын деп жапа шекпесін, пойызда, Тальгода (!) қыздар зорланбасын, жемқорлар түрмеден шықпасын, педофилдер бала зорламасын (өлім жазасына кесілсін), әскерде әлімжіттік болмасын, әскери қоймалар жарылмасын, шенділер халыққа Лондоннан сәлем жібермесін, пациенттердің дөрекілігінен дәрігерлер түрмеде отырмасын, "ауруханада бостан-босқа жатасыңдар" деп жоғары жақтан оттамасын...


 Камшат Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2221    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31