Сен тұр - мен айтайын!

Бір нәрсемен ғана айналысса адамның бүкіл энергиясы соған қарай кетіп қалады...

  • Бір нәрсемен ғана айналысса адамның бүкіл энергиясы соған қарай кетіп қалады...

    Бір нәрсемен ғана айналысса адамның бүкіл энергиясы соған қарай кетіп қалады...

Сүйікті іс


Қай заманда болсын, қандай ақылшылар, жетістікке жеткен адамдар басқаларға кеңес бергенде айтады: "Сүйікті ісіңмен айналыс, сүйікті ісіңмен айналыссаң жұмыс істеп қажеті жоқ" деген сияқты.

Осы жерде көп адамдар, тіпті менің өзімде ойлайтынмын сүйікті ісің біреу-ақ болу керек деп. Мен сол көзқарасымды өзгерттім, негізі адамның сүйікті ісі бірнешеу болуға тиіс. Бір нәрсемен ғана айналысса адамның фокусы, бүкіл физикалық, психикалық энергиясы соған қарай кетіп қалады да, басқа саласы ақсай бастайды.

Осы жерде әсіресе көбі сүйікті іс деп кәсіби түрде айналысатын ісін, мамандығын айтады, құрылысшы, мұғалім, дизайнер деген сияқты. Көптеген адамдар бар ықыласын, ынта-жігерін бір сүйікті ісіне береді де, содан кейін басқа істерге күш-қайраты жетпей жатады.

Ал, енді сүйікті іспен айналысқан деген не? Сүйікті іспен айналысқанда адам бүкіл әлемді, ғаламды ұмытуы керек. Одан басқа істі істеген кезде ол амалсыздан кейде мәжбүрлі түрде жасайды және оны үнемі сүйікті ісіне тартып тұрады.

Ал, адам жасампаз жағдайда өмір сүру үшін бір сүйікті ісінен, екінші сүйікті ісіне ауысып отыруы тиіс. Бір сүйікті ісінен шаршаған кезде, екіншісіне. Кез келген тірі жан иесі шаршайды.

Адамның 5 өлшемі бар:
1. Білім
2. Рухани
3. Денсаулығы
4. Көңіл-күйі
5. Табысы міне осы 5 өлшемнің әрқайсысынан бірнеше сүйікті істері болуға тиіс деп ойлаймын.

Мысалы, денсаулыққа байланысты таңертең жүгіру немесе спорт залға бару ол адамның сүйікті ісі болуға тиіс. Бір дене қимылымен жасайтын сүйікті ісі - оны қиналыспен емес махаббатпен айналысатындай.

Солай эмоцияға, табысқа, рухани дүние, білімге байланысты да 1-2 сүйікті істерін тауып алуы қажет.

Сол кезде адам өзінің сүйікті жұмысынан жалыққанда білім алуға байланысты сүйікті ісімен айналысады, білім алудан жалыққанда денсаулық дегендей ауыстырап отырады.

Сонда адамның өмірі бір сүйікті ісінен, екінші сүйікті ісіне ауысып отырады, кезектесіп кезеңдермен.

Менің ойыммен келісесіз бе? Адамда бірнеше сүйікті ісі болу керек дегенге? Сіздің қиналмай, рахаттанып айналысатын сүйікті ісіңіз бар ма?

 

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 960    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 09:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30