Сен тұр - мен айтайын!

Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

  • Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

    Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

Өзбекстан паспорттағы ұлты деген жерге «Өзбекстан» деп жаза бастапты. Әлихан Бәймен ағамыз соған орай бізге де тура сөйтіп істеу керек, ол біздің бір ұлт болып ұйысуымызға сеп болады дегендей ұсыныс айтқан екен. Мен оған қарсымын. Ұлтты ұйыстыратын ең бірінші нәрсе паспорт емес, тіл! Өзбектің арасында өзбекше білмейтін өзбек жоқ. Олар тіпті орысша сөйлесең де өзбекше жауап беріп тұра береді. Олар ұлт болып ұйысудың алғашқы сатысынан өткен, мұндайға дайын тұрған ұлт. Бізде қалай? Бізде ана тілін білмейтін мәңгүрттер көп. Екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлесіп отыра береді. Оған намыстанбайды да. Алматы мен астананың аулаларында бала біткен орысша шүлдірлеп жүр. Алдымен тілдің проблемасын шешіп алсаңыздаршы, ағалар-ау. Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:34
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31