Сен тұр - мен айтайын!

Бір топ қыз-келіншек акция ұйымдастырып, "Етеккір" деген сөзге қарсы шығып жатыр

  • Бір топ қыз-келіншек акция ұйымдастырып,

    Бір топ қыз-келіншек акция ұйымдастырып, "Етеккір" деген сөзге қарсы шығып жатыр

ҚАЙ БЕТІМДІ ШЫМШИЫН?!...


Бір топ қыз-келіншектер "Кір емес" деген акция ұйымдастырып, "Етеккір" деген сөзге қарсы шығып жатыр екен. Уәждерін оқып күлкім келді. "Адамнан тер бөлінсе "теркір" деп айтпаймыз ғой" деген сияқты бірнеше мысалдар келтірген болыпты. Айтпақ ойлары мен наразылықтары "кір" деген сөзге тіреліп тұр. "Кір" деген сөздің баламасы "лас" дегенді білдіреді. Бізден бөлінетін нәрсе кір емес" дей келіп, "етеккір" дұрыс аударма емес деп тұжырым жасаған сияқты.

Меніңше бұл сөздің аудармаға еш қатысы жоқ. Қазақ әйелдері әлімсақтан бері осылай деп айтып келе жатса керек. Сосын "кір" сөзін бірден "лас", "былғаныш" мағынасында қабылдау дұрыс емес. Халқымыз "кір" сөзін байлықты білдіру үшін де қолданған. Мысалы, "Қолының кірі бар адам" дейді. Бұл жерде "кір" байлық ретінде түсіндіріледі.

Бұл пкірді жазбауға, қолды сілтей салуға болар еді. Бірақ ана тіліміздің орыс, ағылшын тілімен шұбарланғанына қынжылып жүргенде, тұп-тұқиянымыздан мәлім төл тілімізді мансұқтайтындар шыға бастады.


Құрметпен, атақты "Қырық сұрақ" кітабының авторы Ишанбай Қарағұловтың шәкірті.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2594    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31