Сен тұр - мен айтайын!

Бір үйде тәрбие оянып, бір үйде ұйықтап жатқан заман-ай...

  • Бір үйде тәрбие оянып, бір үйде ұйықтап жатқан заман-ай...

    Бір үйде тәрбие оянып, бір үйде ұйықтап жатқан заман-ай...

Әлгінде жұмыстан келе жатып дүкенге соқтым. Қазақтың екі кішкентай (екінші-үшінші сыныптың балалары-ау, шамасы) қызы саңқылдап қазақша сөйлеп, зат таңдап жатыр екен. Кассаға келсем, соның біреуі алдымда кассирмен қазақша есеп айырысып тұрды. Сүйсініп кетіп, "айналайын, қазақша сайраған тіліңнен сол, Қазақстанның ендігі болашағы сендерсіңдер" деп басынан сыйпағым келген. Бірден басын тартып ала қойды. Дұрыс қой, мен сияқты танымайтын адамдарды қайтсін. Үйде ескертіп қойған шығар.
Шіркін-ай, бала кезімізде қарттардың батасын алу үшін қолына су құюға кезекке тұратынбыз. Бастан сыйпап, "айналайын, бақытты бол, молда бол!" деген сөзі неге тұрады! Біз де бүгінгі күннің қарттарымыз ғой.
... Үйге кіріп келе жатсам алдымнан көршілердің бірінің ұлы лифтіден шыға келді де, мені байқамады ма (8-9-сыныптың баласы), бұрылып кетіп бара жатты. "Қалайсың, айналайын?" деп дауыстап қалып едім, ой үстінде-ау деймін, қолындағы затын тастай салып, екі қолын ала жүгірді. "Азамат бол, айналайын!" дедім.
...Осылай бір үйде тәрбие оянып, бір үйде ұйықтап жатқан заман-ай...

Дурәлі Дүйсебай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29